Ресей мен Беларусь спортшылары Паралимпиададан шеттетілді

Ресей мен Беларусь спортшылары Паралимпиададан шеттетілді

   ХПК баспасөз қызметі: «Халықаралық паралимпиада комитеті шешімін өзгертіп, ресейлік және беларусь спортшыларына Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарына қатысуға тыйым салды»,— деп мәлімдеді.  Сәрсенбі күні ХПК Ресей мен Беларусь спортшыларына ойынға бейтарап мәртебеде қатысуға рұқсат берген еді. Шешім ХПК алқасының арнайы шақырылған отырысынан кейін өзгертілді. «Соңғы 12 сағат ішінде бізге көптеген қатысушылар хабарласып, ойын ашық айтты. Мен бұған ризамын. Олар бізге шешімімізді қайта қарастырмасақ, оның Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарына кері әсері тиюі мүмкін екенін айтты. Бірнеше ұлттық паралимпиада комитеті ол жағдайда жарысқа қатыспайтынын айтып наразылық білдірді», - деді ХПК президенті Эндрю Парсонс. 28 ақпанда Халықаралық Олимпиада комитеті халықаралық спорт федерацияларына Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты Ресей және Беларусь спортшыларының халықаралық жарыстарға қатысуына жол бермеуді ұсынған-ды. Ресей Паралимпиада комитеті ойыншыларын жарыстан шеттету шешімін негізсіз деп санайды. Бейжіңдегі Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.

Ермек Сахариев
04.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594