Қуыршақ театрындағы Абай бейнесі

Қуыршақ театрындағы Абай бейнесі

Қазақ халқының рухани әлемінде айрықша орны бар ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының терең мағыналы өлеңдері мен ғибратқа толы қара сөздері бүгінгі күнде де жұртымызды ізгілікке, парасатқа, білім мен адамгершілікке үндеп келеді. Абай атамыздың жауһар мұрасын оқу, зерттеу, зерделеу және келер ұрпаққа кеңінен насихаттау – әр қазақтың рухани борышы, жүрек түкпіріндегі асыл тілегінің бірі. 

Осы мақсатты ту еткен Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры 2019 жылы ұлы ақынның ішкі әлемін терең танытып, оның қазақ халқы үшін қандай биік тұлға екенін көркемдік тұрғыдан айқындауға бағытталған «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» спектаклін көрермен назарына ұсынды. Фантасмагория жанрында қойылған бұл туынды Абай атамыздың «Қара сөздері» мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының мотивтеріне сүйеніп, режиссер Антон Зайцевтің шығармашылық жетекшілігімен сахналанған.

Ересек көрерменге арналған, философиялық астары терең спектакльде Абайдың қазақ қоғамын ізгілікке жетелеуге деген ұмтылысы, ғылым-білімге деген шексіз құштарлығы мифологиялық Икар бейнесі арқылы символдық тұрғыда ашылады. Қараңғылық құрсауындағы елінің ертеңіне алаңдаған ақынның білімге ұмтылған асқақ рухы, өз басының қамы үшін емес, халқының болашағы үшін тынымсыз ізденіске түскен жан дүниесі көрерменді терең ойға жетелейді.

Қуыршақ театры репертуарындағы айтулы орынға ие «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» спектаклі 2021 жылы өткен халықаралық «ТеART-Көкше» театр фестивалінде жоғары бағаланып, «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды. Бұл жетістік спектакльдің көркемдік қуатын ғана емес, Абай мұрасын заманауи театр тілі арқылы жаңаша танытудағы шығармашылық ізденістің жемісті болғанын айқын дәлелдейді.

Дамир Амантай
12.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26976
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26429
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43783
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39565
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44144