ҚҰРМЕТ

ҚҰРМЕТ
Биыл еліміздің қазынашылық жүйесінің құрылғанына – 30 жыл. Осы жылдар ішінде қазынашылық мемлекет қазынасын тиімді жұмсауды және оның сақталуын қамтамасыз ететін орган ретінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуына байланысты және нарықтық экономика жолына қадам басқан сайын бұрынғы экономикалық құрылымдарды, ең алдымен барлық мемлекеттік қаржылық бақылау саласын реформалау қажеттілігі туындады.
 
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов аудан әкімдігінде ауданның қаржы саласының дамуына қосқан мол үлесі, ұзақ жылғы жемісті еңбегі және Қазынашылық жүйесіне 30 жыл толу кәсіби мерекесіне байланысты аудандық қазынашылық басқармасының қызметкері Ахметова Райхан Рахымжанқызын және ауданның орман шаруашылығының дамуына қосқан үлесі мен ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін орман шаруашылығының ардагері Жаңабек Абдраймовты «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттап, құрмет көрсетті.
Құрметті қазынашылық жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері, Қазынашылық жүйесінің 30 жылдық мерей тойымен баршаңызды құттықтаймыз! Қазынашылықтың туы  әрдайым жоғары желбіресін! Еліміз тұтас, жеріміз бүтін болсын, біз мемлекетіміз бен қоғамымыздың дамуына үлкен үлестер қоса берейік.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
30.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 96
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 101
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 395
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 693

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18294
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18156
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33345
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31896
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35640