Құмшағалда жаңа мәдениет үйі ашылды

Құмшағалда жаңа  мәдениет үйі ашылды

Тараз қаласында қала күні мерекесі қарсаңында Құмшағал алқабының тұрғындары үшін айтулы оқиға алып, 140 орындық жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде пайдалануға берілді. Бұл қуанышты сәтке Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков және алқап тұрғындары қатысты.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ізгі тілегін білдіріп, мәдениет саласын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Ол Тараз қаласының аумағы кеңейіп, тұрғындар санының 482 мың адамға жеткенін, оның ішінде Құмшағал алқабы мен маңайындағы елді мекендерде 7 600-ден астам халық тұратынын айтты. Әкімнің сөзінше, мұндай қарқынды өсім әлеуметтік-экономикалық даму мен инфрақұрылымға жаңа талаптар қояды. 

«Бүгінгі ашылып отырған мәдениет үйі – осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасы. Осындай ілкімді істердің нәтижесінде жас ұрпақ ұлттық мұрамен сусындап, шығармашылық қабілетін шыңдайтын жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деп сенемін», – деді ол.

Салтанатты шара барысында еңбек ардагері Рахманбек Устаев ақ батасын беріп, аймақ басшысымен бірге нысанның лентасын қиды. Жаңа мәдени мекеме тұрғындарға жан-жақты қызмет көрсетуге арналған: мұнда 12 орындық оқу залы мен кітапхана, кітап сақтауға арналған қойма бөлмесі және мәжіліс залы қарастырылған. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін түрлі бағыттағы үйірмелер жұмыс істейтін болады. Облыстық және қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылған құрылысты «Әль Мансур» ЖШС мердігері сапалы орындап шыққан. Жалпы, мемлекеттің жан-жақты қолдауының арқасында өңірде мәдениет саласы қарқынды даму үстінде. Бүгінде облыс аумағында 500-ден астам мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Өткен жылы 20 мәдениет нысанының құрылысы басталып, 8-і пайдалануға берілген болса, биылдың өзінде 16 нысанға қаржы қарастырылып, оның 4-еуінің құрылысы аяқталды, ал жыл соңына дейін тағы 6 мәдениет ордасы есігін айқара ашпақ. Бұл Құмшағалдағы жаңа мәдениет үйі сияқты маңызды нысандардың ашылуы өңір тұрғындарының рухани және мәдени қажеттіліктерін өтеуге зор ықпал ететіні сөзсіз.

 

А. ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы
02.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 344
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 334
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 192
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 488

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18248
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18108
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33297
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31848
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35564