ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!

ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!
Бүгін Саудакент ауылындағы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі жанындағы интернат тәрбиеленушілерінің “Қош келдің, Жаңа жыл” атты жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы өтті.
Аталған жаңа жылдық шараға аудан әкімі Мамытов Сәкен Үмбетұлы арнайы қатысты.
Интернаттағы тәрбиеленуші бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балаларға зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен барлық армандарының орындалуын, барынша жақсы оқып, сапалы білім алып, мақсаттарына жете берулеріне ізгі тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, балалармен бірге мерекелік шыршаның жарығын жағып, жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады.
Іс-шараның шымылдығын бастауыш сынып білім алушылары ашып, әсем әндер орындалып, би биленді. Ақшақар, қарақшы, сайқымазақтар, қоян, т.б бүлдіршіндердің көңілін қуантатын кейіпкерлер ортада рөлдерді сомдады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
27.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584