ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДА елордалықтар БЕЛСЕНДІ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДА  елордалықтар БЕЛСЕНДІ

Қоршаған ортаны қорғау, «Жасыл экономиканы» дамыту – алда тұрған маңызды міндеттердің бірі. Себебі табиғат пен адам егіз. Мысалы  қоршаған ортаның тазалығын сақтауға тұрмыстық қатты заттарды уақытылы жинау және өңдеу жатады. Біз Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының осы бағытта атқарып жатқан жұмысын білдік және қоқыс тазалайтындардың бір күнін бақыладық.

– 2017 жылдан бастап Астана қаласында қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесі жұмыс істейді. Оған қалдықты жинау, тасымалдау, сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату кіреді. 2018 жылдан екі фракция бойынша – құрғақ және дымқыл заттарды жинау жүйесі енді. Құрғаққа қағаз, пластик, шыны, металл кірсе, дымқылға тамақ қалдықтары жатады. Қала аумағы 40 учаскеге бөлінген. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға 56 бірлік жұмылдырылған. Орнатылған GPS датчиктері бар қоқыс таситын көліктер, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 16 мың контейнер орнатылды, 4 мың контейнер алаңда орналасқан, – деді басқарма басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.

Астана қаласында коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасы дайындалуда. Бұл бастама экология бағытындағы «жасыл» жобаларды іске асыруда инвестиция тартудың тетігін айқындайды.

– Былтыр 2024 жылы 3,7 мың контейнер сатып алу жоспарланды. Қала аумағынан жиналған қоқыс қалдықтарды өңдеу зауытына жіберіледі. Өндіріс орнының жылдық қуаты – 250 мың тонна, ол орта есеппен тәулігіне 1200 тоннадай тұрмыстық қалдықты қабылдайды. Жыл өткен сайын қабылдайтын қатты қалдықтың көлемі артып келеді. Мәселен, 2021 жылы 305,8 мың тонна, 2022 жылы 316,7 мың тонна, 2023 жылы 344,3 мың тонна қалдық өңделді. Қазір қалдықтарды қайта өңдеп, өртейтін жаңа зауыттар салуда шетел инвесторларымен келіссөз жүргізілуде, – деді Жанар Бескемпірова.

Жыл сайын халық саны өсіп, пайдалануға берілетін тұрғын үй кешендері ұлғайып жатқандықтан, коммуналдық қалдықтардың жиналу және түзілу қарқыны артып келеді. Бұл жаңа зауытты қажет етеді.

– 2023 жылы елордада Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында рұқсат етілмеген қоқыс орындары 2 есеге қысқарды. Ғарыш мониторингі нәтижесінде анықталған 338 учаскенің 224 учаскесі жойылып, 100 мың тонна қалдық шығарылды. Қалдықтарды заңсыз шығарғаны үшін жаза күшейді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша қалдықтарды белгіленген орыннан тыс жерге тастағандарға айыппұл көлемін арттыру қарастырылуда, – деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары.

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күн – 1972 жылы маусымда қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді. Оны қазір әлемнің көптеген елі атап өтеді.

Қазақcтан Конcтитуцияcының 31-бабында: «Мемлекет адамның өмiр cүруi мен денcаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақcат етiп қояды» деп жазылған. Бағдарлаған жанға – өте гуманистік ұстаным. Өйткені соның нәтижеciнде елдегі адам өмiрi мен денcаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттiң мiндетi ретiнде бекiтiледі. Сонымен бірге, Қоршаған ортаны қорғау заңының негiзгi принциптерi – адамның өмiрi мен денcаулығын қорғау, еңбегi мен демалыcы үшiн қоршаған ортаның қолайлы болуын cақтау және қалпына келтiру жайы айтылады. Алайда бұл заң талаптары қаншалықты пәрменді екені кей жағдайларда көңілге күмән ұялатады. Өйткені ауа мен суды ластап отырған өндірістік қалдықтар мәселесі әлі де кес-кестеп алдымызды орағытып жүр.

Былтыр Астана қаласында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрлері мен ведомство басшыларының 5-ші кеңесі өтті.

Іс-шараға ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин мырза, сондай-ақ Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь делегациялары қатысты.

Кеңеске қатысушыларға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев құттықтау сөз сөйледі.

Атап айтқанда, ол: «Өз қызметінің 23 жылында ШЫҰ ықпалды халықаралық институттардың біріне және біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда және өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу бойынша қажетті қадамдарды қабылдауда тиімді құралға айналды.

Экологиялық проблемалардың шегі жоқ және ШЫҰ-ның барлық елдеріне ұқсас экологиялық проблемалар тән, оларды тек күш біріктіру арқылы бірлесіп шешу қажет».

Бұдан әрі делегация басшылары ШЫҰ шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндамалар жасады.

Сондай-ақ, кеңес барысында экологиялық мәселелерді шешуде, климаттың өзгеруінде, парниктік газдар шығарындыларын азайтуда, қалдықтарды тиімді басқаруда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ынтымақтастықты дамытуда бірлескен іс-қимылдар жасауға бағытталған бірқатар мәселелер қаралды.

«Бүгінгі кеңес ШЫҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін жетілдіру және біздің елдер басшыларының алдымызға қойған міндеттерін іске асыру үшін жақсы серпін болатынына сенімдімін.

Кеңестің барлық қатысушыларына жемісті жұмыс тілеймін», – деді Е.Нысанбаев өз сөзінің соңында.

 

Нағашыбай Қабылбек
25.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16590
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16445
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31627
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30236
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33838