Қордайда 16 219 гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілген

Қордайда 16 219 гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілген
Ауданымызда жалпы 16 219 гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілген.
Оның ішінде тамшылатып суғару – 14 806 гектар болса, жаңбырлатып суғару - 1413 гектарды құрап отыр. Аудан басшылығы және мамандар биыл құрғақшылық пен суармалы судың жетіспеушілігінің алдын алу үшін осы әдістерді қолдануды кеңінен іске асыру қажеттігін алға тартуда.
Баршаңызға белгілі, былтыр қуаңшылық қордайлық шаруаларға оңай тиген жоқ. Шаруаларға қолдау көрсету мақсатында Үкімет тарапынан ауданымыздың 6 ауылында өңірлік деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың шығыны есептелді.
Комиссия мүшелерінің жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде аудан бойынша 5249 га зардап шеккені анықталды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жамбыл облысында қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға 3,6 миллиард теңге бөлінді. Шығын толығымен өтеліп берілді. Үкімет тарапынан жасалған қолдау аграршыларға шығынын жауып, алдағы көктемгі дала жұмыстарына жақсы дайындықпен шығады дегенге сенім мол. Ол жұмыстар аудан әкімдігі тарапынан үнемі бақылауда. Дей тұрғанымен де қазірден бастап аудан әкімі Бегзат Болатбеков бас болып суды аса қажет етпейтін, су тапшылығына шыдамды дақылдарды егу қажеттігін шаруаларға жеткізуде. Былтыр қуаңшылыққа тап болған шаруалар да биыл тамшылатып суару немесе өнім алудың басқа түрлеріне көшері сөзсіз. Ауданда су тапшылығының алдын алу үшін бірқатар жұмыстар да жоспарланған.
Мәселен, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес су қоймаларына күрделі жөндеу және кеңейту үшін ауданда «Ырғайты» (15,2 млн. м3 ) және «Қалғұты» (14,6 млн. м3) су қоймаларын жөндеу жоспарланып отыр. Одан бөлек, суармалы жерлердің көлемін 2,8 мың гектардан 6,0 мың гектарға дейін ұлғайту және су қоймасының көлемін 8,5 млн. м3-ден 18,5 млн. м3-ге дейін жеткізу мақсатында «Қарақоңыз» су қоймасының көлемін ұлғайту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Қордай ауданының әкімдігі
09.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 96
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 101
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 395
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 380

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18294
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18156
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33345
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31896
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35640