ҚОЛӨНЕРШІ АУЫЛДЫҚ ӘКІМ

ҚОЛӨНЕРШІ АУЫЛДЫҚ ӘКІМ

Солтүстік Қазақстан облысында өз шығармашылығына ғашық қолөнершілер аз емес. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев ауданының Совет ауылында өз туындысымен көзге түсіп жүрген  шебер Валерий Форш. Ол ауылдық округтің әкімі болып жұмыс істейді, сонымен бірге жергілікті мектепте еңбек сабақтарын жүргізеді. Ұлдар мен қыздар оның дәрісіне  үлкен қуанышпен және қызығушылықпен барады. Өйткені ұстаз әкім  қарапайым ағашты қалай жауһарға айналдыру керектігін көрсетеді немесе темірден әшекей жасауды үйрете алады. Айтпақшы, Валерий Яковлевич қыздарды тігуге, тоқуға және кестелеуге де баулиды.

Валерий Яковлевич күнделікті жұмыс пен шығармашылықты үйлестіре алады: ол моншақтардан портреттер жасайды, майлы суреттер салады, ағаштан көркем ою ояды, металдан кәдесый қылыштар жасайды және тағы басқалар. Ол тіпті нағыз рыцарьлық сауыт-саймандарды да өз қолымен жасайды. Шығармашылық Валерий Форш үшін шабыт болғанымен, сонымен бірге өте ауыр жұмыс. Мысалы, алыстан сурет сияқты көрінетін Абай портретін іс жүзінде ұсақ моншақтардан жасап шыққан. Валерий Яковлевичтің өзі мойындағандай, бұл портретті жасауға 144 мың моншақ қажет болыпты.

Валерий Яковлевич бірнеше рет облыстық байқаулар мен көрмелерге қатысты. Оның кабинетіне ондаған грамоталар мен дипломдар ілінген. Айтпақшы, осы ескерткіш белгілердің арасында «Жыл педагогы» байқауына қатысқаны үшін алған грамоталар да бар.

Валерия Форштың  зейнеткерлікке шығуына дейін 5 жыл қалды, бірақ ол өзін әлі де жас сезінеді. Бұл жасында қылышпен семсерлесуге әлі кеш емес деп есептейді.  Жас кезінде ұстаз-әкім семсерлесуден жарыстарға қатысып, түрлі деңгейде жүлделі орындарға да ие болыпты. Сондықтан оның рыцарьлық жекпе-жектерге деген сүйіспеншілігі әлі де күшті.

 

Нұрсайын ШӘРІП

25.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 31
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 43
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 206

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35599