Әлемдік балет өнерінің ұлы шебері Булат Аюханов негізін қалаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры 58-ші театр маусымын қарсы алуда. Балет труппасы Қазақстанның бірқатар қалаларында гастрольдік турға шығады. Бір сахнада әлемдік хореографияның екі аңызға айналған туындысы тоғысады: П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» және Ж. Бизе – Р. Щедриннің «Кармен-сюитасы». 26 қыркүйекте Шымкент қаласында балет труппасы «Түркістан сарайы» концерт залында өнер көрсетеді, ал 28 қыркүйекте Тараз қаласында «Баласағұн» мәдениет сарайында қойылым өтеді.
Әлемдік балет өнерінің өшпес классикасы – П.И. Чайковскийдің музыкасына жазылған «Аққу көлі» ғасырлар бойы әлем сахналарында қойылып келеді және бүгінге дейін классикалық өнердің жауһары болып, залдарды толтырып келеді. Бұл Чайковскийдің алғашқы балеті, оның премьерасы 1877 жылдың наурызында Мәскеу қаласындағы Үлкен театрда өтті. Балеттің оқиғасы көне неміс аңызына негізделген, зұлым сиқыршы Ротбарттың қарғысына ұшырап, аққу бейнесіне айналған сұлу ханшайым Одетта туралы. Балет екінші рет 1895 жылы Петербургте жаңарып, ұлы композитордың құрметіне Императорлық театрлардың генийлері Мариус Петипа мен Лев Иванов партитураға қайта оралып, «аққулы» көріністерді – сиқырлы сұлулық пен поэтикалық мұңға толы сахналарды сахналады.
Бұл балетті Булат Аюханов 1967 жылы Алматы хореографиялық училищесінің бітіруші сыныбына алғаш рет авторлық интерпретациясында қойды және өзі жетекші партиялардың бірін орындады. Қойылым «Алматы Жас Балетінің» репертуарына еніп, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының афишасындағы жауһарға айналды. Аюхановтың нұсқасының ерекшелігі — қайғылы финал: зұлымдық жақсылықты жеңіп, көрерменді кейіпкерлердің тағдыры мен адам әрекетінің табиғаты жайлы ойға қалдырады.
«Бұл – оқиғаның барысын өзгертіп, көрерменге терең эмоциялар сыйлайтын көркем интерпретация құқығын өзіне алатын батыл өнер», – дейді театрдың бас балетмейстері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гульфида Гафурова.
Қойылымның екінші бөлігінде Жорж Бизенің «Кармен» операсының желісі бойынша бір актілі «Кармен-сюита» балеті ұсынылады. Қойылым ортасында – сыған қызы Кармен мен оған ғашық болған сарбаз Хозенің трагедиялық тағдыры. Кармен Хозені жас Тореадор үшін тастап кетеді. Кейіпкерлердің қарым-қатынастары мен Карменнің Хозенің қолынан қаза табуы – тағдырдың жазмышы. Танымал музыка, бай хореография, би өрнектері, жарқын кейіпкерлер, динамикалық сюжет пен классикалық вариациялар көрерменді баурап алады. Өз уақытында Булат Аюханов Майя Плисецкаямен жеке таныс болған, онымен араласқан және әлемдік балеттің аңызына, оның орындауына деген сүйіспеншілік пен таңданыс ретінде П. Мерименің желісі бойынша өз нұсқасын жасаған.
Балет қойылымдарының басты партияларын «Алматы Жас Балеті» би театрының жетекші солистері орындайды: Айнур Мукашева, Айя Мелис, Жанат Тайкенов, Еламан Тиыштыкбай, Алия Қурабаева, Аружан Бекталиева, Дамир Тлесбаев, Сымбат Максут, Айя Мелис, Айша Каспакбаева, Минами Ватанабе, Дамир Тлебаев, Асылбек Исмаил, Диар Акенев.
Қойылымдарға билеттерді сайтқа көрсетліген сілтеме бойынша сатып алуға болады:
https://ticketon.kz/almaty/event/lebedinoe-ozero-karmen-taraz
https://ticketon.kz/almaty/event/lebedinoe-ozero-karmen-shymkent