Қазақстан мен Ресей шекарасын неге бекітпеген?

Қазақстан мен Ресей  шекарасын неге бекітпеген?

Төрткүл әлем мазасыз күйде. Шығыста да, терістікте де соғыс өрті қаулап тұр. Өзін әлемнің қожайыны санайтын АҚШ-тың тағына Трамп қайта келіп жайғасты. «Енді не болар екен?» деп шынында да жұмыр жер елеңдеулі. 

Бірақ әркім өз қотырын өзі қасиды. Бізде солай. Мәселен кезінде Назарбаев «мемлекетіміздің шекарасының барлығын шегендеп кеттім» деп бүкіл әлемге жар салып еді. (https://zhasalash.kz/news/17-zhildik-dau-kazakstan-resey-shekarasi-shegendelp-btpept-d1a2ee/). 

Өтірік екен. Толық шегендемепті. Ресей жақтың шекарасы сызылмапты, қазықтары қағылмапты. Негізінде 2005 жылдың 18 қаңтарында қос Президент мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойған. Демаркация 2007 жылы басталды. Бірақ әлі күнге келіссөз аяқталмаған. Президент ауысты. Құжатқа қол қойылғанымен, жоғарыда айтқандай, нақтыланбаған. 

Ресей мен Қазақстанның шекарасының ұзындығы 7598,8 км. Өздеріңіз білесіздер, кезінде қазақтың астанасы болған Орынбор, тағы басқа жерлер сол шекараның арғы жағында жатыр. Кезінде Әлімхан Ермеков Ленинмен шекараны белгілегенде жер көлеміміз 3,3 млн шаршы км екен. Ал қазір 2,7 млн шаршы шақырым. Неге кеміп кеткен? Соның өзі не нақты бағаналар қойылмаған? Тор тартылмаған. Неге? Кінә бізден емес, Ресейде сияқты. Яғни әлі де империялық пиғыл сақталып отыр. Себебі Ресейдің бетке ұстарлары қазақты, Қазақстанның мемлекеттілігін мойындамайды. Өте қауіпті. Шекара бекеттері трассалар мен вокзалдарда ғана. Шекарамыз күзетілмей тұр. Келіссөзге баяғыда-ақ нүкте қойылуы керек еді. Енді неге біз қозғалмай отырмыз?

 

 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
13.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584