Қазақша күрестен турнир

 Қазақша күрестен турнир
♦ Талас ауданы, Қаратау қаласында қазақ күресінен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Қолбасшы Қойгелдінің 320 жылдығына арналған республикалық ашық турнир өтті.
♦ Турнирге Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары, Тараз қаласы мен Мойынқұм, Шу, Сарысу, Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Қордай, Т. Рысқұлов, Меркі және Талас аудандарынан кілең мықтылар жиналды.
♦ Жарыстың ашылу салтанатына Амзебек Жолшибеков, Тараз қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сембек Сейдазимов, Талас ауданы әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев қатысты.
♦ Қызықты әрі тартысты өткен турнирде бозбала палуандар боз кілемде күш сынасып, өзара мықтыларды анықтады.
♦ Жарысты өткізудегі басты мақсат - қазақ күресін дәріптей отырып, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухын көтеріп, жас палуандардың спорттық шеберліктерін арттыру.
♦ Жарыс қорытындысы бойынша жекелей салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мінбе төрінен көрініп, марапатталды.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
07.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 234
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 244
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 507

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18430
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18290
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33477
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32026
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35796