Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептеліс

Қазақ-қырғыз шекарасындағы  кептеліс

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктері тағы да кезек күтіп тұр. Қазір шекарадан өте алмай тұрған көлік саны 200-ге жуық.  Соңғы кезде Қырғызстанда мұндай жағдай жиі қайталанады. Бұл жолы жүк көліктері Кен-Булун өткелінде тұр. Жүк тиелмеген көліктер Қырғызстаннан Қазақстанға тек осы аралықтан ғана өте алады. Алайда екі күннен бері кезек жылжитын емес. Көлік кептелісіне не себеп болғанын әзірге ешкім түсіндірген жоқ. Әдетте тауар немесе азық-түлік тиелген жүк көліктеріне шекарадан өту қиын. Сарапшылар мұны Қытай тауарының Орталық Азия бойынша транзиті және мол пайда әкелетін өнім болғандықтан сауда тартысы бар деп түсіндіреді. Оған қоса қырғыз экспортёрлері өнімнің сертификаттары мен электронды құжатты талап ететін сауда ережелеріне салақтау. Қырғыз тарапы жаңа жылдан кейін тауарларды тек электронды құжатпен жіберуге міндеттеме алған. Алайда бұл шартты орындап жатқан жоқ. Электронды құжаты жоқ кез келген көлікті қазақстандықтар бақылайды. Сондай көлік көп екенін көріп тұрсыз, сондықтан 200, 300 көлік шекарада тұрып қалды. Шекарадағы кезекті азайту үшін логисттер бақылаушы органдарға электронды және өзге де құжаттарды шекараға жетпей Қырғызстан аумағында тексеруді ұсынады. Ал құжаттары дұрыс рәсімделген көлік жүрізушілері шекарадан кедергісіз өтеді.  

 

Ермек Сахариев
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594