Қазақ құрақ өнері – әлемдік рекордтар кітабында

Қазақ құрақ өнері – әлемдік  рекордтар кітабында

Абай облысының 13 мұғалімі мен 2 оқушысы дүниежүзілік рекорд орнатуға үлес қосты.

Алматы қаласындағы әйгілі Медеу мұз айдынында ұлттық қолөнерге арналған бірегей «Аламан құрақ – 2025» мәдени жобасы өтті. Елдің әр өңірінен жиналған 660 құрақшы жалпы көлемі 1366 шаршы метрге жайылған құрақ көрпе құрап, бұл көрсеткіш Global Book of Records дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркелді. Қазақтың құрақ өнеріне арналған бұл алғашқы әлемдік рекорд болып тарихқа енді.

Ауқымды шараға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан барлығы 34 құрақшы қатысты. Оның ішінде Абай облысының 13 мұғалімі мен 2 оқушысы өз қолымен құрақ құрап, ұлттық мұраны ұлықтауға атсалысты. Қатысушылар Семей, Аягөз, Көкпекті аудандары мен Қарауыл ауылындағы білім мекемелерінен жиналды. Олардың қатарында қала гимназиялары мен лицейлерінің, ауыл мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері бар.

Абай және ШҚО бойынша жобаның өңірлік үйлестірушісі – Семей қаласындағы №19 мектептің мұғалімі Бақытжан Шапенова. Оның жетекшілігімен өңір атынан қатысушылар құрақ өнерін жоғары деңгейде таныстырып, аймақтың абыройын асқақтатты.

Жобаның авторы – Аягөз ауданы, Таңсық ауылының тумасы, қолөнер жанашыры Нұргүл Абайхан. Оның бастамасымен жүзеге асқан әлемде теңдесі жоқ мәдени жоба қазақ аналарының ауызбіршілігін, құрақ өнерінің көркемдігін және ұлттық құндылықтың терең мағынасын жаһан жұртшылығына паш етуді мақсат тұтты.

 

Саруар ҚАБДОЛЛА,

Абай облысы

 

26.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15881
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15752
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30906
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29543
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33116