ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

Әлемнің барлық  мұсылман жамағаты асыға күтіп жүрген  қасиетті де  қадірлі Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды.  Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2025 жылғы ораза кестесі бойынша  көктемнің алғашқы күні  басталмақ. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызға түсіп тұр екен.  Ал  26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді. Ал Құрбан айт  6 маусымда басталады. 

Рамазан –  ақ пен қараны ажыратып, сауап пен күнәнің парқын көрсетіп, тура жолға бастайтын Құран Кәрім аяттары жерге түсе бастаған ай. Ораза айында адам баласы  мол сауап жинап, Алланың  рақымына кенелуге зор  мүмкіндік беріледі. Мұсылмандарға тақуалық нұры құйылатын бірден-бір ай – Рамазан. Осы айда береке-ырыс мол. Себебі ораза ұстаған адам рухани тазарып, Құран мен дұғаны көбірек оқиды. Сондай-ақ  істеген амалдарына  есеп беріп, қайырымдылық, мейірімділік, сабырлық сияқты  ізгі қасиеттер адам бойында қалыптасады.  Мұхаммед пайғамбарымыз «Ораза ұстаушының ауыз ашқанға дейінгі, әділ басшының және жәбірленушінің дұғасы қайтарылмайды» деп айтқан. Ендеше ораза ұстап, мол сауап жинауға асығайық, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, халайық!

 

28.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594