Патриоттық тәрбие – басты назарда

Патриоттық тәрбие – басты назарда

Елімізде жыл сайын 7 мамыр күні Отан қорғаушылар күні ретінде аталып өтіледі. Бұл елін, жерін, мемлекеттігін қорғайтын азаматтарға деген зор құрметтің белгісі. Отан алдындағы борыш пен ерлікті, отансүйгіштік пен жауапкершілікті дәріптейтін бұл күн әскери қызметшілер мен барша азаматтар үшін ерекше маңызға ие. Осы күнді атап өту арқылы Қазақстан халқы өз елінің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін күрескен батырлар мен қазіргі уақытта да Отан қорғау қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілерге алғыс білдіреді. Бұл күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің басшысы әділет полковнигі Руслан Уразметов бастаған жеке құраммен бірге Жамбыл облысының Жуалы ауылында,

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай, батырдың туған жерінде

ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып,ант қабылдап қайтты. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне бұл күні  концерттік бағдарлама ұйымдастырылып,қызметте үздік шыққан мамандар алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды. Бұл шаралар Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған патриоттық тәрбиенің жарқын үлгісі болды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №59 мекемесі ұжымы елге адал қызмет етудің, тарихи тұлғаларды ұлықтап, олардың ерлігін құрметтеудің маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай іс-шаралар жас буынға үлгі болып, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттырады.

ҚАЖ департаменті №59 мекемесі
06.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572