Пайдасы зор экотуризм

Пайдасы зор экотуризм

Мексикалық эколог осы  терминді 1980 жылдары ойлап тапқан және ол халықты табиғатты сақтауға және жергілікті қауымдастықтарды біріктіруге арналған  саяхатқа шақырады. Экологиялық туризмнің (экотуризм) басты мақсаты – адам аяғы баспаған  тылсым табиғатпен жақынырақ танысып, оны қорғау. Яғни табиғатты сақтау және жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру. Бір сөзбен айтқанда, экологиялық туризм – табиғаты бұзылмаған аймақтарға саяхат жасау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу және сол жердің табиғи ерекшеліктері мен мәдениетімен танысуға бағытталған демалыс түрі.

 

Экологиялық туризмнің негізгі ерекшеліктері

 Қоршаған ортаға ұқыптылық: Экотуризм қалдықтарды азайту, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және экожүйеге нұқсан келтірмеуді талап етеді.

Танымдық сипат: Саяхатшылар жергілікті флора, фауна, ландшафт және сол аймақтың этнографиялық мұрасы туралы тың ақпараттармен танысады.

Жергілікті қауымдастықты қолдау: Гид қызметтері үшін тұру, тамақтану үшін жергілікті тұрғындар қызмет жасайды.

                                    

 Қазақстандағы экотуризмнің жағдайы қалай?

Экологиялық туризм  Қазақстан өлкесінде жақсы дамып келе жатыр. Бізде мынадай жерлер әсем табиғатымен жұртқа мәлім: Ақмола облысы: Бурабай, Қорғалжын және Бұқтырма мемлекеттік ұлттық табиғи парктері. Алматы облысы: Шарын шатқалы, Көлсай және Қайыңды көлдері, Іле-Алатау ұлттық паркі. Шығыс Қазақстан: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

Басқа туризм түрлерінен экотуризмнің ерекшелігі ол жай ғана демалу немесе көңіл көтеру емес.  Бұл  білім беру, табиғатты құрметтеу және оны сақтауға көмек беру деген ұғымды білдіреді.  Қазақстанда экотуризмнің   жасыл туризм деген атауы да бар. Саяхат адамдардың айналасына  дұрыс  көзқараспен қарап, табиғаттың мән-мағынасын аңғаруға және рухани өсулеріне  ықпалын тигізеді. 

Экологиялық туризм елімізде белсенді дамуда. Жаңа экоқонақ үйлер бой көтеріп, туристік маршруттар жасалып, жаңадан экоқонақ үйлер салынуда, сондай-ақ ұлттық саябақтар мен қорықтар құрылып жатыр. Қазақстандағы экотуризмді біз үшін  жай ғана саяхаттау емес, алтын  табиғатымызды аялап, қорғауға үлес қосу мүмкіндігі деп түсінуіміз керек. Президентіміз өз Жолдауында туризмге ерекше көңіл бөлген болатын. Сонымен қатар бұл саланы дамытып, өркендету үшін  біраз  тапсырмалар да жүктеді.  Қ.Тоқаев еліміздегі туристік артықшылықтарды  тиімді пайдалануды ескертті. «Біз еліміздің туристік әлеуетін пайдалануымыз керек. Туризм саласында да осындай серпінді жобалар жүзеге асуы керек. Өкінішке қарай, бұл маңызды салада әлі айтарлықтай табыстар жоқ», – деді Президент. 

Елімізде осы жағдайға байланысты «Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдарының қауымдастығы» құрылды. Ол экотуризмге ерекше көңіл бөліп, табиғатты аялауға және оған ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеуге жұмыс жасайды. Қазақстанда ондаған табиғи саябақтар мен қорықтар мемлекет қорғайтын аумақтар тізіміне енгізілген. Бұдан біз экотуризмді дамытудың әлеуеті зор екендігін көреміз. Туроператорлар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінде экскурсиялар ұйымдастыру кезінде ескеруі тиіс міндеттемелер жүктелген. Турлар мұқият жоспарлануы қажет,  қоршаған ортаға ең аз әсер ететін көлік болуы тиіс және бұл қатты қалдықтардың пайда болуын мүмкіндігінше кемітуге  көмегін тигізеді. 

 

10.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 375

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26976
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26429
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43783
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39565
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44144