Өзіңсің әнім, аялап өтер ардағым!

Өзіңсің әнім, аялап   өтер ардағым!

Ақ тілекті қар жамылған ақ таңда,

Түн шегініп, күн күлімдеп атқанда.

Базарым кепті ұлы өмірге әндетіп,

Қасиетті он тоғызыншы ақпанда!

 

Әдебіңмен, сымбатыңмен тал мүсін,

Көркі боп өстің ән-жырға бөлеп ел ішін.

Қолдарын созып жете алмаған жігіттер,

Қайдан білсін жаралғаныңды мен үшін!

 

Біздер жайлы білмек болып сыр тартқан,

Талай ұрпақ тәлім алып жол тапқан.

Дарқан жүрек, сенің жомарт қолыңнан

Өнердің ұлы жұлдыздары дәм татқан!

 

Жаратқан ием салып нұрлы назарын,

Қараңғыны жарық еткен ажарым.

«Елім», «Жерім» деп жүргенде еміреніп,

Жетпіс жетіге жетіпті-ау ақ Базарым!

 

77-ің құтты болсын, жан-жарым,

Өзіңсің әнім, аялап өтер арманым.

Өрісім кеңіп, ұрпақтарымды аймалап,

Биікке шықсам, сенің арқаң, ардағым!!!

 

Ауырған кезде «қартайдым» деме, асылым,

Мен үшін жассың, өзіңсің мәңгі ғашығым.

Әулетімнің, бірлігімнің ұйытқысы,

Бере гөр, Алла, өмірдің нұрлы ғасырын!

 

Махаббатсыз бұл өмірде жалған көп,

Өтейік бірге ұрпақтарға қорған боп.

Мұрагерім – Төлегенім жазылып,

Атқа мінсе, Жаратқан ием, арман жоқ!!!

 

Ақ тілекпен, жан-жарың Мұрат Сыдықұлы Сыдықов
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 351
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 340

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18254
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18113
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33303
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31854
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35571