Орталық көшелерге 44 жаңа автобус шықты

Орталық көшелерге   44 жаңа автобус шықты

Семей қаласының автобус паркі жаңартылды. «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы қарсаңында қала тұрғындарына қызмет көрсететін қоғамдық көлік құрамы 44 заманауи автобуспен толықты.

Жаңа автобустар – жергілікті «Авто Транс Семей» ЖШС кәсіпорнында құрастырылған отандық өнім. Облыс әкімдігінің қолдауымен алынған бұл көлік құралдары салқындатқыш жүйемен жабдықталған, жолаушылардың жайлылығына баса мән берілген.

Қазіргі таңда қала аумағында 42 маршрут жұмыс істейді, оларға 331 автобус тартылған. Қоғамдық тасымал қызметін 5 түрлі компания көрсетіп келеді. Алайда автобус паркін жаңарту соңғы рет 2019 жылы жүзеге асқан.

Облыс әкімі Берік Уәли жаңа автобустармен танысып, көлік сапасының жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама – Семей тұрғындарына берген уәденің орындалуы.

– Осыдан бір ай бұрын ғана даму жоспарларын жария еткенде, автобус паркін жаңартамыз деп айтқан едік. Енді, міне, 44 автобус жолға шыққалы отыр. Оның 30-ы үлкен, 14-і шағын. Бәрі – Семейде жасалған, сапалы, бәсекеге қабілетті техника. Келесі кезеңде олардың санын 70-ке жеткізуді көздеп отырмыз. Ал 2025 жылы тағы 50 автобус алу жоспарда бар. Бұл – тұрғындарға жайлы жағдай жасау жолындағы нақты қадам, – деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, жаңа автобустардың сырты ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған символикамен безендірілген.

Сәруар қабдолла 

 

28.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14861
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14759
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29906
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28525
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32085