Оралдық оқушының қоржынында — шетелдік қос тағылымдама гранты

Оралдық оқушының қоржынында — шетелдік қос тағылымдама гранты

Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Данель Бақыт Американың екі бірдей жазғы тағылымдамасынан өтуге мүмкіндік алды. 

Бұл туралы зияткерлік мектептің баспасөз қызметі хабарлады. Біріншісі – LAJF қорының Camp Rising Sun бағдарламасы. Бұл тағылымдама Нью-Йорк қаласынан екі сағаттық жерде табиғат аясында өтеді, сондай-ақ бір ай бойы әлемнің әр түкпірінен келген көшбасшылардың басын қосады. Ал, екінші TechGirls The Legacy International тағылымдамасы STEM-ге қызығушылығы бар қыздарға арналған және ол Вашингтон мен Сиэтл қалаларында өтпек. 

Алғыр шәкірт қос бағдарламаның ішінен TechGirls-ты таңдапты. 

– Бір ай ішінде STEM-нің әртүрлі саласын зерттеуге, дағдыларды дамытуға мүмкіндік туатынына қуанып жүрмін. Тіпті NASA, Смитсон мұражайы сияқты танымал орындарға барамыз. Virginia Tech университетінде тағылымдамадан өтеміз. Даму сатысына жол ашқан мектебіме дән ризамын. Бар білімім мен дағдымды елімнің игілігі үшін қолданғым келеді. Болашақта Қазақстанның технологиялық салаларында қыздардың позициясын нығайтқым келеді, — дейді талапты оқушы. 

Айта кетейік, Данель – ғылымға ынтасы зор мектептің белсенді шәкірті, сондай-ақ оның ауылдық елді мекендерде су тапшылығының шешімін табу бойынша халықаралық деңгейде бағаланған және жүлдеге ие болған «Tap to Clean» атты ғылыми жобасы бар екен. Ол шетелдік ғылым ордаларында білік-дағдысын жетілдіріп, қазіргі қоғамда қажеттілігі бар жобаларды қолға алуды армандайды. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
19.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584