ОҚУШЫЛАР ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕМТИХАН ТАПСЫРУЫ МҮМКІН

ОҚУШЫЛАР ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕМТИХАН ТАПСЫРУЫ МҮМКІН

2023-2024 оқу жылынан бастап 5-8, 10 сынып оқушылары «Қазақ тілінен» міндетті емтихан тапсырады. Қазақ тілінен өзге тілдерде оқытатын мектеп оқушыларының «Қазақ тілі мен әдебиеті» бойынша білімі тексеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің бұйрығының жобасында жазылған. Жоба 23 қарашаға дейін қоғам талқысына ұсынылды. «Ол – білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында өткізілетін рәсім», – деп түсіндірілген бұйрық жобасында. Емтихан уақытын мектептердің өзі белгілейді. Ол жазбаша және ауызша өтіп, оқушының қазақ тілінде тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу біліктілігін тексеруге мүмкіндік береді. Емтихан тапсырмаларын әзірлеуде педагогтер сәйкес сыныптың оқу бағдарламасын негізге алады. Аталған пәндер бойынша жылдық бағасы оқушының жыл бойғы оқу үлгерімі мен емтихан нәтижесіне (30 да 70 пайыз) қарай қойылады.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 171
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 184
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 456

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18360
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18224
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33410
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31963
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35726