Оңтүстік астанада карантин күшейтіледі

  Оңтүстік астанада карантин күшейтіледі

  Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова «Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулыға қол қойды. Онда төмендегідей тыйымдар енгізілген: 1. Жаппай іс-шараларға тыйым. Соның ішінде үйде өткізуге тыйым салу. Алайда Ashyq нысандарында ұйымдастырылған, бірақ 30 адамнан тұратын ас беруге рұқсат етіледі.

2. Бетперде тағу режимі. COVID-19 үшін оң ПТР тесті бар адамдар мен онымен байланысқа түскендердің өзін-өзі оқшаулауы;

3. 15 қаңтардан бастап  спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес орталықтарға, йога-орталықтарға, моншаларға, бассейндерге, сауналарға Ashyq-та тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларға кіруге рұқсат;

4. Концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың, түнгі клубтардың, ұжымдық діни іс-шаралардың қызметіне, соның ішінде жұма намаз, конференциялар, семинарлар және жеке кездесулер өткізуге тыйым салу (екпе алған 10 адамға дейін рұқсат), қоғамдық тамақтану нысандарында бар үстелшесіне қызмет көрсетуге тыйым салу;
5. Кинотеатрлардың толымдылығы 30%-дан артық емес, қоғамдық тамақтану нысандарында бір үстел басында 4 адамнан артық емес;

6. Қызметкерлердің вакцина алғанына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың және т. б. қызметкерлерінің кемінде 70%-ын қашықтықтан жұмысқа ауыстыру;

7. Мектептерді қашықтықтан жұмыс форматына көшіру;

8. ЖОО мен колледждерді аралас жұмыс режиміне көшіру: дәрістер –  онлайн, практикалық сабақтар – оффлайн;

9. Медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды Pfizer-ден Comirnaty препаратымен вакциналауға рұқсат ету.

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594