«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Төлеби ауданының мәдениет күндері басталды. Этноауылда «Алтыбақан» ойын-сауық отауы құрылған. «Төлебиім – киелі құт мекенім» кітап көрмесі келушілерге өңірден шыққан тұлғаларды кеңінен таныстыды. Ал Алдар көсе, Қожанасыр кейіпкерлерінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Атап айтқанда асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, белдесу сынды ойындардан келушілер де сайысқа түсті.
Қылқалам шеберлерінің сурет және «Қасиетті де, киелі қолөнерім» қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Еркін Айтбаевтың және суретші, өнертану ғылымдарының докторы Ділдабай Кемешовтың туындылары қойылды. Қолөнер шеберлерінің шеберлік сағатында қағаздан себеттер жасау, кілемше тоқу, саздан құмыра жасау үлгілері көрсетілді. Бұдан бөлек, «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ұлттық көне салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері сомдалды.
Айта кетейік, екі күнге жоспарланған мәдени-рухани шара ертең де жалғасын табады. 18 қыркүйек күні, сағат 11:00-13:00 аралығында Этноауылда «Ұлт қазынасы» атты ұлттық ойындардан (қазақша күрес, аударыспақ, қошқар көтеру, гір көтеру, қол күрес, садақ ату, тоғызқұмалақ сынды т.б) жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар «Өнерлі өлке» аудандық, қалалық саз мектебінің концерттік бағдарламасы ұсынылады. Ал сағат 19:00-де «Керуен сарай» кешенінде Төлеби ауданы өнерпаздарының мерекелік гала-концерті өтеді.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 31
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 43
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 206

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35599