Оңалту орталығында жаңа жылдық мерекелік кеш өтті

Оңалту орталығында жаңа жылдық мерекелік кеш өтті
Атаулы мерекені әсіресе балалар асыға күтеді. Өйткені, жыл сайын балаларға арналған Жаңа жылдық мерекелік шыршалар ұйымдастырылып, түрлі тәттілер салынған сыйлықтар үйлестіріледі.
Осыған орай бүгін оңалту орталығындағы әр түрлі жастағы ерекше балаларға жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып, балаларды және орталық ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«Бұл өмірде сіздердің жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыластарыңызбен риза болғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ. Бүгін байтақ еліміздің барлық өңірлерінде өздеріңіздей өнегелі балалар Жаңа жылдық шыршаның айналасына жиналып, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуда. Сондықтан да, осынау шырша мерекесі естеріңде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін» - ізгі тілектерін жеткізді.
Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы оңалту орталығына өз атынан сый-сыяпат тарту етіп, балаларға сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, бірқатар ауданның белсенді кәсіпкерлері де балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті.
Қызықты да қуанышқа толы мерекелік шарада балалар да тақпақ, әндер айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Аудан өнерпаздары әннен шашу шашты. Аяз ата, Ақшақар, Мұз ханшайымы және өзге де ертегі кейіпкерлері қойылымдар қойып, жиналғандарға жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
26.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584