Облыс әкімі жамбылдық ұстаздарды марапаттады

Облыс әкімі жамбылдық ұстаздарды марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

Мерекелік жиын білім саласындағы жетістіктер туралы бейнеролик пен А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің қойылымымен ашылды.

Бұдан соң Ербол Қарашөкеев облыс педагогтерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Салтанатты шарада білім беру жүйесін дамытудағы, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін бірқатар мұғалімге «Еңбек ардагері» медалі, «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Бұдан бөлек, бірнеше номинация бойынша үздіктер қаржылай сертификатқа ие болды.

Мерекелік кеште Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен белгілі спорт шебері, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің видеоқұттықтауы көпшілік назарына ұсынылды.

Шара соңы К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері және өнерлі ұстаздар мен оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Жамбыл облысы әкімдігі
05.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 32
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 44
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 505

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35600