Облыс әкімі ардагерлермен кездесті

Облыс әкімі ардагерлермен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында жуырда ашылған Ардагерлер орталығымен танысып, жергілікті ардагерлермен кездесті.

Еркін форматта өткен кездесуде аға буынның өкілдері өздерінің ұсыныс-пікірлерін, орамды ойларын ортаға салып, аудандағы бірқатар мәселелердің шешу жолдарын сұрады.

Аймақ басшысы осы жылы өңірде атқарылатын ауқымды жұмыстар жөнінде қысқаша баяндап, ауылдарға газ және ауыз су тарту, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандардың құрылыстары ауданның кешенді даму жоспары аясында кезең-кезеңімен жүзеге асатынын жеткізді. Сондай-ақ, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Облыс әкімі облыстың қоғамдық-әлеуметтік өмірінде аға буынның рөлі ерекше екенін атап өтіп, жастардың қалыптасуында олардың тәжірибесінің маңыздылығын баса айтты.

Сондай-ақ, кездесуде жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.

Ербол Қарашөкеев аға буын өкілдері алдағы уақытта да өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса беретініне сенім білдіріп, олардың қоғамды қайырымдылыққа, бірлікке үндейтін бастамалары үшін ризашылығын білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігі
26.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572