НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ САУРАН АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСЫП, ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ САУРАН АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСЫП, ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына іссапары барысында аудандық емхананың жұмысымен танысып, қызметкерлермен кездесіп, еркін пікір алмасты. Облыс әкімі денсаулық сақтау мекемесінің жұмысын саралап, медициналық қызмет көрсету саласындағы сапа мен тиімділікті одан әрі арттыру қажеттігіне тоқталды. Аудан тұрғындарының денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратын мекемелердің жұмысын тұрақты түрде жетілдіріп отыру маңыздылығын атап өтті.
📌– Мемлекеттің дамуы халықтың денсаулығымен тығыз байланысты. Сондықтан облыс тарапынан медицинаға тұрақты қолдау көрсетілуде. Ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдауға әзірміз. Ең бастысы – тұрғындардың денсаулығын жақсарту жолында жүйелі тірлік атқару керек. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деген Нұралхан Көшеров дәрігерлермен кездескен соң емделушілерге де барып, пікір алмасты.
✔️Саурандағы емхананың медициналық құрылғылары мен жабдықтары жаңарып келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қаржыландыруымен емханаға флюрографиялық аппарат алынды. Сонымен қатар «Шорнақ» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты орнатылып, бүгінде оның көмегімен жоғары сапалы зерттеулер жүргізілуде. Одан бөлек, жедел медициналық жәрдем бөлімі 3 жаңа санитарлық автокөлікпен толықтырылды. Емхана денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеуден өтіп, 1-ші санатқа ие болды.
📌Айта кетейік, Сауран аудандық емханасы 73 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Емханаға 31 құрылымдық бөлімше бекітілген. Оның ішінде 5 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 10 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік-акушерлік бекет және 3 медициналық бекет бар. Бұл бөлімшелер халыққа медициналық көмек көрсету бағытында қажетті қызметтерді ұсынады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
15.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584