НЕГІЗГІ МАҚСАТ - ҚОҚЫСТЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ

НЕГІЗГІ МАҚСАТ - ҚОҚЫСТЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Шу қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, шешімін күткен мәселелер бойынша жауапты мамандардың ұсыныстарын тыңдап, өз ойымызды ортаға салдық.
Ең алдымен Қант зауыты мөлтек ауданында орналасқан қоқыс полигонында болдық. Қаладағы қоқыстың барлығы осында әкеліп төгілетінін ескерсек, оның аумағының да аз емес екенін аңғаруға болады. Сол себепті де мұндағы қоқысты қайта өңдеп, кәдеге жарату жағын ойластырғанбыз. Сәтін салса, биыл дәл осы қоқыс полигонынан арнайы нысан соғылып, ол қоқысты қайта өңдейтін заманауи технологиямен жабдықталатын болады. Сонымен бірге, мұндағы өртке қарсы су резервуары да қайта қалпына келтірілмек.
Бұдан кейін Қосқұдық мөлтек ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап, олардың қасбетін ретке келтіру жағын талқыладық. Өткен жылы көппәтерлi тұрғын үйлердiң техникалық жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, нәтижесінде тұрғын үйлердің кескін-келбеті ажарлана түскенін аңғаруға болады. Әсіресе, үйлердің шатыры, қасбеті, ішкі дәліздері жаңарып, есік алдына жүргінші жолақтары салынған. Осы бағыттағы жұмыстар биыл Қосқұдық мөлтек ауданындағы екі қабатты тұрғын үйлерде жалғасатын болады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда “Қазақмыс” компаниясының демеушілігімен ауданымызда бірқатар ауқымды жұмыстардың жүзеге асып жатқанын айта кеткен жөн. Соның бірі ретінде бүгінде құрылысы жүріп жатқан ангар типтегі екі бірдей спорт кешенін атап өтуге болады. Тоғай мөлтек ауданы мен Бірлік ауылында салынып жатқан екі нысанның да басында болып, жауапты бөлім басшыларымен спорт кешенінің инфрақұрылымына қатысты мәселелерді ақылдастық. Әрқайсысы 80 адамға арналған спорт нысандары ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылжығында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі
26.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584