Мыңқазан ауылында жаңадан мәдениет үйі пайдалануға берілді

Мыңқазан ауылында жаңадан мәдениет үйі пайдалануға берілді
Ауданның 95 жылдығына орай, Мыңқазан ауылында жаңадан мәдениет үйі пайдалануға берілді.
Оның ашылу салтанатына облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мейірбекұлы Мәтен, аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және облыстан келген қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Алғашқы болып құттықтау сөз алған Мәди Мейірбекұлы ауыл тұрғындарын ауданның мерейтойы және аталған нысанның ашылуымен құттықтады. Ол сөз сөзінде бұл нысан ауыл халқын мәдени және рухани қолдау, ауыл балаларының шығармашылығын дамыту мақсатында мемлекеттің қолдауымен ашылып отырғанын, сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.
Одан кейін мәдениет үйінің салтанатты түрде лентасы кесіліп, ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, алғыстарын айтты.
Мәдениет үйінің ашылуына орай, ауыл өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, ауыл тұрғындарының көңілін көтерді. Жергілікті шеберлер өздерінің қолөнер бұйымдарын көпшілікке ұсынып, суреттерден көрме ұйымдастырылды.
Айта кетейік, аталған мәдениет үйі «Ауыл – ел бесігі» мемлекттік бағдарламасының аясында салынып, 90 орынға шақталған.
Меркі Ауданы Әкімдігі
09.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 132
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 139
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 420
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 257

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18324
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18188
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33375
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31925
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35679