Мұхтар Әуезов туралы роман-эссе түрік тіліне аударылды

Мұхтар Әуезов   туралы роман-эссе түрік тіліне аударылды

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстанның халық жазушысы, филолог-ғалым Зейнолла Қабдолов жазған «Менің Әуезовім» («Benim Avezovum») атты роман-эссе түрік тіліне аударылды. Мұхтар Әуезовтің болмысы мен шығармашылығы жайлы құнды дүниенің насихатталу шекарасын кеңейтуге «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы атсалысты. Кітаптың таныстырылымына ақын-жазушылар, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен қоғам белсенділері қатысты.

«Әуезов жайлы іргелі еңбектің тәржімалануы – бауырлас түрік халқы үшін де үлкен олжа. Ендігі уақытта осы  кітап арқылы түрік тілі қауымдастығы, оның ішінде жас буын Әуезов әлеміне еркін саяхаттап, тұшымды ой түйеріне сенімдімін. Орайлы жерде айта кеткен абзал, Мәдениет және спорт министрлігі жыл соңына дейін Мұхтар Әуезовтің 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарады. Ұлы даламызда ғұмыр кешкен, түгел түркі жұртына ортақ данышпан тұлғалар қашанда кеңінен дәріптеле берсін», – деді кітаптың тұсаукесеріне қатысқан Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев. 

Сондай-ақ, министр кітапты аударған ақын Әсем Ережеқызына, шығармашылық-редакциялық ұжымға, бауырластық ниетпен бастама көтерген «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевқа алғыс білдірді.

Бұған дейін М.Әуезовтің 50 томдық академиялық жинағы мемлекеттік тапсырыспен жарық көрді.

 

 

ҚР МСМ баспасөз қызметі
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594