Сот науқастың пайдасына медициналық көмекті дұрыс көрсетпегені үшін моральдық зиян өтемақысын өндіруге шешім шығарды.
Облыстық сот алқасында азаматша Н.-ның көпсалалы облыстық ауруханадан моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды. Алқада келесі анықталды:
Азаматша Н. 2018 жылы облыстық онкологиялық диспансерде есепке тұрған. Жедел емдеу шаралары жүргізіліп, терапияның 26 курсы өтті. 2020 жылы сәулелік терапияны жүргізу орынсыз деп танылып, томография тағайындалған, метастазалар анықталмады, гормондық терапия тағайындалды.
2021 жылы Н. басқа қалаға көшуіне байланысты есептен шығарылған.
2024 жылы талапкерге ішкі ағзаларды жедел емдеу қажет болғандықтан, тексерілу кезінде метастазалар көрініп, сәулелік терапия жүргізілмегені анықталды.
Медициналық көмек көрсету сапасына қатысты Н.-нің шағымы негізінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті тексеру жүргізіп, нәтижелері бойынша келесі бұзушылықтар анықталды: науқасты динамикалық бақылаудың және аурудың сатысын анықтамауы, онкомаммологқа жіберілмеуі, науқасты жүргізудің бұзылуы, динамикалық бақылаудың болмауы сәулелік терапиямен уақытылы емдеу мерзімдерінің жоғалуына әкелді. Медициналық көмектің тиісінше көрсетілмеуі нәтижесінде зиянды салдарлар орын алған.
Алқа қаулысымен Н.-ның моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қанағаттандырылды. Көпсалалы облыстық ауруханадан Н.-нің пайдасына 1,5 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі