Мемлекеттік қызмет – ел болашағына үлес қосу

Мемлекеттік қызмет – ел болашағына үлес қосу

23 маусым – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі. Еліміздің дамуы мен гүлденуіне өз үлесін қосатын мемлекеттік қызметкер болу – абыройлы әрі жауапкершілігі мол қызмет. 

Осы атаулы мерекеге орай Батыс Қазақстан облысында салтанатты жиын өтіп, ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Мерекелік іс-шараға қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев өз құттықтауында Мемлекет басшысының:«Мемлекеттік қызметші болу – антқа адал болу» деген сөзіне тоқтала келе, бұл саланың ел алдындағы зор жауапкершілігін атап өтті. 

– Әділдік, ашықтық, кәсібилік және халыққа жақын болу – әрбір мемлекеттік қызметкердің ұстанымы болуы тиіс, – деді өңір басшысы.

Шара барысында мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, адалдығымен ерекшеленген тәжірибелі мамандар «Мемлекеттік қызмет ардагері», «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен және Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» және «Ана тілім – арым» байқаулары мен спорттық спартакиада жеңімпаздары да белгілі болды. Яғни, бұл – ел дамуына қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігімен қатар, рухани және спорттық әлеуетін паш еткен шынайы құрмет күні болды.  

Жалпы Батыс Қазақстан облысындағы 400-ге жуық мемлекеттік мекемеде 3000-нан астам мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Бұл жайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мұрат Байсалов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәжілісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірдегі мемлекеттік қызметкерлердің 41 пайызы ер-азаматтар болса, 59 пайызын әйелдер құрайды. Бұл нәзік жандылардың мемлекеттік басқару ісінде белсенді рөл атқарып отырғанын көрсетеді. Сондай-ақ Мұрат Сейлханұлы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі басталғанын хабарлады. 

– Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді, кемінде бес жылдық еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген азаматтар қатыса алады, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов. Бұл бастама – болашақ басқарушыларды іріктеп, ел мүддесіне адал қызмет етуге мүмкіндік беретін маңызды платформа.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Батыс Қазақстан облысы

 

26.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14977
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14876
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30022
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28640
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32205