МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысы білім басқармасы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңін өткізді. Ерекшелігі – конкурстың осы шешуші кезеңі фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирде жүргізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев білім ұяларының басшыларына, жалпы ұстаздарға маңызды жауапкершілік жүктелгенін, басшыларды тағайындау әділ жүргізілуі тиіс екенін айтты.
– Түркістан – демографиялық өсімі жоғары өңір. Оқушы саны да жыл сайын артып келеді. Облыста 900-ден аса мектеп, 1000-нан аса балабақша бар. Сондықтан білім саласы өкілдеріне, ұстаздар қауымына артылар жауапкершілік өте жоғары. Білім саласындағы азаматтар, ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген жауапкершілікті жүрекпен сезеді деп сенемін. Ұрпақ тәрбиесін сапалы жүргізіп, адам капиталын дамыту – өте маңызды жұмыс. Бұл ретте білім ұйымдарының басшыларын іріктеу әділ әрі ашық жүргізілуі тиіс. Бүгінгі конкурс барысы әлеуметтік желіде тікелей көрсетіліп жатыр. Комиссия құрамына да білікті азаматтар тартылды. Комиссия әрбір үміткерге терең талдау жүргізіп, біліктілігіне, парасаттылығына, адами болмысына әділ бағасын беруі тиіс. Үміткерлерге сәттілік тілеймін, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау заң талаптарына сай жүргізіліп жатыр. «Әңгімелесу» кезеңіне 53 үміткер қатысуда. Олар 35 мекемеге басшы болудан үмітті. Үміткерді бағалау ашық дауыс беру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар бағалау парағы қоса тіркеледі. Айта кетерлігі, талапқа сәйкес үміткерлер «Әңгімелесу» кезеңіне дейін конкурстың құжат тіркеу, тест, қамқоршылық кеңестен келісім алу кезеңдерінен өткен. Олардың арасында еңбек өтілі 30 жылдан асқан аса тәжірибелі ұстаздар бар.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
20.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 83
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 91
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 389
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 625

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18289
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18149
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33340
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31890
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35633