Мейірім мен мүмкіндіктің мерекесі

Мейірім мен мүмкіндіктің мерекесі

Алматы облысы Талғар қаласында ерекше балалардың шығармашылығына арналған «Шексіз әлем» атты инклюзивті фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Шараның басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету, олардың өнерін насихаттау және қоғамда инклюзияны ілгерілету.

Фестивальдің ашылу салтанатында Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді: 

– «Шексіз әлем» фестивалі – балаларға шабыт сыйлайтын, өмірге деген құштарлықты оятатын ерекше алаң. Бүгінгі іс-шара қоғамдағы ерекше балалардың талантын тануға және оларды қолдауға бағытталған игі бастама. Мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін, – деді қала әкімі. 

Конкурсқа Қарасай ауданы, Қонаев қаласы, Талғар мен Алматы қаласынан 50-ге жуық ерекше балалар өз өнерлерін ортаға салды.

Фестивальді ұйымдастырушы «Ұлттық құндылық» қоғамдық қорының директоры  және  «Smart balaqai» балаларды дамыту картасының авторы, қоғам белсендісі Зухра Серікқызы. Ол – ДЦП және эпилепсия диагнозымен өмір сүріп жатқан ерекше баланың анасы. Өзінің ана ретіндегі тәжірибесі мен баласының күресі оны инклюзивті жобаларға бастау болуға итермелеген.

– Ерекше балаларға тек мейірім емес, мүмкіндік те қажет. Біз оларға өздерін еркін көрсетуге, шабыт алып, қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінуге жағдай жасауымыз керек. «Шексіз әлем» фестивалі – осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі. Бұл сахнада тек өнер емес, үміт пен махаббат бар, – деді Зухра Серікқызы.

Фестиваль барысында балалар ән салып, би билеп, қолөнер бұйымдарын ұсынды. Көпшілікті тәнті еткен өнерлерімен олар өздерінің мүмкіндігі шектеулі емес, мүмкіндігі ерекше екенін дәлелдеді.

Талғар ауданы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі бойынша штаттан тыс кеңесшісі Марат Жапаров фестивальдің жоғары деңгейде өткенін айтып, балалардың сахнада өзін еркін ұстағанына риза болғанын жеткізді:

– Түрлі дертке шалдыққан балалар сол бір сәтте өз ауруларын ұмытып, сахнада жарқырап шықты. Әр бала ерекше қуанышпен өнер көрсетіп, кейін өзге қатысушыларды да зор қызығушылықпен тамашалады, – деді ол.

«Шексіз әлем» фестивалі – қоғамға ерекше жандардың да таланты мен арманы бар екенін танытатын тағылымды жоба. Мұндай шаралар болашақта да жалғасып, ерекше балалардың дамуына жол аша беретіні  сөзсіз. 

 

 Салтанат БАКЕЕВА,

Алматы облысы

 

28.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15881
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15752
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30906
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29543
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33116