Маймыл шешегі туралы не білу қажет!

Маймыл шешегі туралы не білу қажет!

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпараты бойынша, Республика аумағында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ.

Маймыл шешегі – маймыл шешек вирусы тудыратын сирек кездесетін вирустық зооноздық ауру.  Маймыл шешегінің көзі науқас адамдар және көптеген жануарлар: африкалық тиіндер, шалғайлық иттері, тышқандар, егеуқұйрықтар, приматтар.

Маймыл шешек вирусы негізінен адамнан адамға науқастың биологиялық сұйықтықтарымен, немесе, ашық денесімен жанасқанда, сонымен қатар, науқастың қолданған заттарын залалсыздандырмай қолданғанда; алиментарлық жолмен – жануардың шикі заттарын, толық пісірмей тағам ретінде пайдалану кезінде; ауа тамшы арқылы – науқаспен жақын ара қашықтықта 3 сағат немесе оданда көп уақыт болған кезде және трансплацентарлы жолмен – туа біткен шешек, жүктілік кезінде анасы ауырса, балаға беріледі.

Маймыл шешегі, аурудың белгілері пайда болғаннан бастап және аурудың барлық кезеңінде жұқпалы болып табылады (денедегі барлық зақымданған жерлері жазылып, жаралары толығымен кеткенге дейінгі уақыт – 3 аптаға дейін).  Инкубациялық кезеңі 21 күнге дейін.

Маймыл шешегінің алдын алу мақсатында, ұсынылады:

- Маймыл шешегінің табиғи ошағы болып табылатын  Африка елдеріне баруды тоқтата тұру;

- Шетелдерге шыққан жағдайда жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыспау, көше саудасы орындарында тамақ ішуден аулақ болу (тамаққа тек термиялық өңдеуден өткен ет пен азық-түлікті пайдалану);

- Адамдар көп жиналатын орындарда жеке алдын алу шараларын (арақашықтық сақтау, медициналық бетперде тағу, зарарсыздандырғыш пайдалану) қолдану, жеке қол гигиенасын қатаң сақтау;

- Егер, шетелдік сапарлардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде дене қызу көтерілсе, дімкәстік, бөртпе (қызару, көпіршіктер және т.б.) пайда болса – жедел медициналық көмек стансиясына телефон арқылы хабарласып, міндетті түрде өзіңіздің шетелде болғаныңыз туралы хабарлау.

Мұндай ережелерді сақтау, маймыл шешек ауруының алдын алады!

 

 

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары – Н.О. Муликова
15.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594