Көмекті заттай жеткізу қиындау, қаржылай аударған тиімдірек - Түркияның Ақтаудағы бас консулы

Көмекті заттай жеткізу қиындау, қаржылай аударған тиімдірек - Түркияның Ақтаудағы бас консулы

Түркияның Ақтаудағы бас консулдығы зілзаладан зардап шеккендерге қаржылай көмек жіберуге ниеттілер үшін арнайы шот ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының тұрғындары өздерінің көмектерін барынша тигізіп жатыр. Қол созғысы келетін жандарға, киім мен гигиеналық құралдарды қазіргі таңда жеткізу қиынға соғуы мүмкін екенін айтқым келеді. Себебі, зілзаладан соң көптеген жол қирап, әуе қатынастары жабылған. Жиналған гуманитарлық көмекті шекарадан өткізу екі есе қымбатқа шықпақ. Сондықтан, көмек көрсеткісі келетін азаматтарға қаржылай аударым жасаған тиімдірек екенін жеткізгім келеді

, - дейді Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Сабри Альптекин.

Айтуынша, бауырлас түркі еліндегі апатқа байланысты қаржылық және материалдық көмек науқаны өңірде 7 ақпаннан басталған. Ал, 8 ақпан күні Түркияның Ақтаудағы бас консулдығында көңіл айту кітабы ашылды. Өңір азаматтары бауырлас халықтың қайғысына ортақтасып, көңіл білдіріп жатыр.

Ал, қаржылай көмек жіберу үшін арнайы шот ашылған: 5354 5700 2979 2895 карта номеріне және KZ43885102870D1ZLV00 (SWIFT CODE: KZIBKZKA) мемлекеттік арнайы шот номеріне жолдауға болады.

09.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584