«Көкжиектегі» жаңа алаң

«Көкжиектегі» жаңа алаң

Деркөл кенті – Орал қаласының қамқорлығындағы елді мекендердің бірі. Өткен жылғы су тасқынынан зардап шеккен жүздеген отбасының жаңа өмірі осы кентте қайтадан жаңғырған болатын.

Былтырғы табиғаттың тосын мінезі көптеген жанұяны баспанасыз қалдырса да, жомарт жүректі азаматтардың қолдауы олардың үмітін үкілеген еді. Қиын сәтте оралдықтарға қол ұшын созғандардың бірі – «Алтын орда» компаниясы Деркөл кентіндегі «Көкжиек» шағын ауданында 15 үйдің іргесін қалаған болатын. Сонымен қатар жуырда осы шағын ауданның бүлдіршіндеріне арнап жаңа ойын алаңын тарту етті.

Деркөл кенті әкімінің орынбасары Роман Жумиевтің айтуынша, аталған ойын алаңы демеушілер есебінен салынып, халық игілігіне берілген.

– Өткен жылы тасқыннан кейін баспанасыз қалған отбасыларға үй салып берген «Алтын Орда» компаниясы бұл игі істі балаларға қуаныш сыйлаумен жалғастырып отыр.  2024 жылы көктем айларында өзен суларының көтерілуі салдарынан Орал қаласы аумағындағы саяжайлардың басым көпшілігін су басқаны белгілі. Үйі суға кеткен жерлестеріміз үшін шаһар аумағынан жеке тұрғын үйлер салынған болатын. Деркөл кентінде осы мақсатта 200-ге жуық үй бой көтерді. Құрылыс мекемелері қатарында «Алтын Орда» компаниясы да осы игілікті іске атсалысып, кентіміздегі Көкжиек шағын ауданына 15 үй салды. Аталған мекеме сол шаңырақтардың иелеріне балалар ойын алаңын сыйға тартып отыр, – деді Роман Шәкібалаұлы.

Ойын алаңының құрылысы ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында жүргізіліп, қысқа уақытта сапалы деңгейде қолданысқа берілген. Демеушілердің қолдауымен пайда болған жаңа алаң енді балалардың шат күлкісіне толып, «Көкжиек» тұрғындарының қуанышын еселеді. Жалпы «Көкжиек» шағын ауданында 2 мыңнан астам халық қоныстанған болса, солардың 800-ден астамы – балалар.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

БҚО Орал қаласы

19.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584