Кішкентай чемпион

Кішкентай чемпион

Адамның бойында туа бітетін қандай да бір іске деген қабілет негіздері болады, оны қолданса – дарындылығы байқалады, әрі қарай дамып, жетілдірсе – талантқа айналады. Қазақтың 8 жасар талантты шахматшысы Адинур Әділбек әлемді таңғалдырып, әлем чемпионы атанды. Адинур Әділбек әлем біріншілігінде  ерекше тұрақтылық танытып, 11 ойыннан 9,5 ұпай жинады: 8 жеңіс, 3 тең ойын. Турнирге рейтинг-фаворит ретінде қатысып, бұл атақты толықтай ақтады. Бұл — Қазақстан шахмат тарихындағы жаңа парақ: алғаш рет жас кадеттер арасында әлемнің шыңына көтерілдік. Адинұр Әділбек 8 жасында шахмат тарихына есімін жазып қалдырды. Ол барлық әлем және құрлық чемпионаттарында жеңіске жетіп, сөзсіз әлем чемпионы атанды.

Шахмат ежелден бері арнайы физикалық дайындықты қажет етпейтін қызықты спорт түрінің бірі. Сондай-ақ шахмат ойыны балаға ересек өмірде міндетті түрде қажет болатын қабілеттерді қалыптастыруға көмектеседі.  Шахмат – ақыл-ой мен танымдық қабілеттерді дамытудың қуатты құралы саналатын ойын түрі. Уақыт өте келе шахмат аналитикалық ойлауды, жоспарлауды, шоғырлануды және проблемалық ойлауды дамытуға ықпал ететін интеллектуалды ойын ретінде үлкен танымалдыққа ие болды. Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясының тәрбиеленушісі Адинұр Әділбек көптеген халықаралық атақтарды, соның ішінде әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды.  Адинур алғашқы қадамдарын онлайн жаттығулар арқылы жасап, бар болғаны бірнеше ай ішінде екінші разрядтан мықты бірінші разряд деңгейіне дейін өсті. Сол кезде-ақ оның сабырлы мінезінің артында терең аналитикалық ойлау қабілеті мен ерекше жинақылық бар екені байқалды. Әр адам өзінің туа біткен қабілеттерін, қай іске бейімділігін ескеріп барып, сол іспен айналысса, қоғамға да, өзіне де тиер пайдасы мол болары сөзсіз Жаттықтырушыларының айтуынша, ол көп сөйлемейтін, бірақ тақта басындағы жүрістері кейде тәжірибелі ойыншыларды да таңғалдырған. Кей сәттерде оның ерекше шешімдері үлкендердің өзіне ой саларлық деңгейде болған. Шахмат ойнау зейінді қажет етеді. Шахмат ойыны - логикалық ойлауды және қозғалыстардың ретін есептеу қабілетін жаттықтырады, болжау және есептерді шешу дағдыларын дамытады. Чемпионның жолында алғашқы бапкерінің рөлі айрықша. Көптеген жаттықтырушылар шәкіртін өз беделі үшін жанынан шығармай ұстап қалуға тырысса, оның алғашқы ұстазы керісінше — уақытында қабілетті оқушыны мықты мамандарға өткізіп, өсуіне жол ашты. Бұл шешім болашақ жетістіктің берік негізіне айналды. Онлайн дайындықтан кейін Адинур офлайн оқуын жалғастырып, қазір халықаралық гроссмейстерлер мен спорт шеберлерінің жетекшілігімен беделді академияда жаттығады.
Классика және рапид бойынша 8 жасқа дейінгі әлем чемпионы (Қазақстан, Греция)
.  7, 8 жасқа дейінгі рапидтен Азия чемпионы (Қазақстан, Таиланд). 8 жасқа дейінгі рапид пен блицтен Батыс Азия чемпионы (Тәжікстан). 8 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионы. 7 жасқа дейінгі классикалық оқушылар арасында Азия күмісі (Тайланд). 8 жасқа дейінгі классика бойынша Батыс Азияның қоласы (Тәжікстан). Әлем Кубогының қола жүлдегері (Грузия) Оның жасында мұндай жетістіктер үлкен болашаққа сенімді өтінім болып табылады. Бұл табыстың артында баланың таланты ғана емес, сонымен қатар Динара Сәдуақасованың қолдауымен Академия жаттықтырушыларының үлкен жұмысы жатыр. Дұрыс орта мен тәлімгерлердің баланың әлеуетін ашуға қалай көмектесетінінің жарқын мысалы. Адинур-Қазақстандық шахмат тарихындағы жаңа есім! Біз жас чемпионымызды мақтан тұтамыз, алда жаңа шыңдар тұрғанына сенеміз.

Адинұр Алматыда өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 8 жасқа дейінгі ұлдар санатында 88 елден 150 жас шахматшы бақ сынады.

Кішкентай чемпион Адинұр  Әділбек – әлем, Азия және Қазақстан чемпионы. Жақсы шахматшы бірнеше қадам алға ойлап, қарсыласының қалай жүретінін біліп отырады. Әлемге әртүрлі бұрыштан қарай білу қабілеті баланың басқа адамдармен жылдам ортақ тіл табысуына және оларды жақсы түсінуіне көмектеседі. Шахматта қарсыласын аса құрметтеу, өз эмоцияларын ұстай алу және абыроймен жеңілу маңызды. Шахматшылар қадамдары мен комбинацияларын жақсы жоспарлап қана қоймай, кенеттен өз жоспарын өзгерте де алады. Ал бұл оның креативті ойлауын көрсетеді. Шахмат ойнау баланың нақты проблеманы шешуге ғана емес, жылпы өзін және қоршаған ортаны жақсырақ түсінуіне көмектеседі. Бұл қасиеттердің тек ойында емес, жалпы өмірде жоғары бағаланатынын білеміз. Кішкентай Адинұрдың бойында осы қасиеттер қалыптасып келеді. Болашағы зор шахматшыға және оны тәрбиелеген бапкерлерге биік белестерді бағындыра берсін деген тілегімізді білдіреміз.

Адинур Әділбекті алда әлі талай жеңістері мен жаңа атақтары күтіп тұр. Қазақстан  әлемдік шахмат сахнасында жарқырап көріне берсін.

Г.Тұрлыбекова

 

28.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 311
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 517
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 507

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19200
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19051
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34197
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32762
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36570