Картоп өсірудің қыр-сырына үңілдік

Картоп өсірудің қыр-сырына үңілдік
Бүгін Жуалы ауданында «Злиха» шаруа қожалығының базасында картоп дақылының өнімін дамыту бойынша арнайы семинар өтті.
Шара барысында «Злиха» қожалығының басшысы Нұржігіт Бегалы картоп өсірудің тәсілдерін түсіндіріп, тәжірибесімен бөлісті.
Басқа-басқа, Жуалы жерінде картоп жақсы өседі. Бұған, бәлкім, топырақтың құнарлы, ауа райының қолайлы болуы да әсер ететін болар, сірә. Әйтеуір, соңғы жылдары аудан жұрты дақылдың түрінен көп өнім алуды жақсы меңгеріп келеді.
Картоп өңдейтін кәсіпорын ашуды және өзі өсірген өнімнен картоп крахмалы, фри мен чипс шығаруды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Семинар барысында қатысушылар қожалықтың картоп сақтау қоймасы мен егіс алқабын аралап, ондағы жұмыстардың барысымен таныстық.
Жалпы Жуалы ауданы бойынша 1585 гектарға картоп егілсе, оның 4,4 пайызы «Злиха» шаруашылығына тиесілі.
Ержан Амирханов , Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары
10.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 32
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 44
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 206

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35600