ІСІНЕ АДАЛ ЖАНДАР...

ІСІНЕ АДАЛ ЖАНДАР...
 
Қоғамның дамуы һәм өзгеруі сол ортада өмір сүріп жатқан адамдарға да байланысты. Бәсекелестік қарқын алған бүгінгі қоғамда жұмысшылар жұмылған жұдырықтай күш жинап, өркениеттің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "2025 жыл - Жұмысшы мамандықтарының жылы" деп жариялануы сала мамандарының жұмыстарын бағалауы, олардың еңбектерін ел арасында насихаттау арқылы қоғамға ынталандыру болып табылады. Осы орайда, «Жаңа жағ­дайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Өнім­ділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және техно­ло­гиялық сипатын арттыру» керектігін айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі экономиканың өсуі тікелей жұмысшыларға байланысты екендігін айқындайды. Мұ­ның бәрі де жұмысшы маман­дығына байланысты. Бұл ретте мемлекет тарапынан да аталған мамандық иелерін даярлауға жіті көңіл бөлінуде.
"Өндіріс өлкесі" атанған ауданымызда сала мамандары қара жұмысты қайратымен атқарып, қара нардай жүкті көтеріп жүр. Өндіріс орындарында жұмысшы күші жыл сайын артып келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Себебі, бүгінде ауданымыздағы ірі кәсіпорындар "Қазфосфат" ЖШС, "ЕвроХим - Тыңайтқыш" ЖШС- інде жоғары айлық қарастырылған. Сол арқылы халықтың әл ауқатының көтерілгендігін байқаймыз. Таңмен таласып оянып, қас қарайғанға дейін ауыр жұмысты жұғым көрмей, адал еңбек ететін жұмысшылардың мәртебесін еселеу еңбек иелеріне деген құрметтің белгісі.
Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын іске асыра отырып, жұмысшыларға түрлі деңгейдегі қолдаулардың көрсетілетінін жеткізгім келеді.
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі
14.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584