ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ УАҚТЫЛЫ ӘРІ САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ УАҚТЫЛЫ ӘРІ САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен бүгін мәжіліс өтіп, Түркістан облысында жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.
Өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланған жиналысқа Ауыл шаруашылығы басқармасының, Энергетика және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық басқармасының, Бақылау жөніндегі басқарманың және «Түркістан ӘКК» АҚ-ның жауапты мамандары қатысты.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, инвест-жобалар жоспарланған мерзімінде жұмысын бастауы үшін үйлестіру ісіне бақылау күшейтіледі. Нұрбол Тұрашбеков ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар құрылысына қатысты нақты тапсырмалар бекітті:
— Құжаттарды кешіктіруге немесе туындаған мәселелерге немқұрайлы қарауға жол берілмесін. Міндеттеріңізді жауапкершілікпен атқарыңыздар, — деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.
Инвестициялық жобалар бойынша қозғалыс картасы әзірленіп, тұрақты түрде апталық есеп түзіледі. Сонымен қатар, жауапты мекемелер мен қызмет өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен апта сайын жұмыс кеңестерін өткізу келісілді.
Онда инвесторлардың әр мәселесі жеке қаралып, пәрменді шешімдер қабылданады, осылайша, инвестордың ұсыныстары мен проблемалары әкімдіктің назарынан тыс қалмайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584