Қазіргі кезде инновациялық типті экономикаға дүние жүзінің көптеген елдері қолдануда. Көптеген аса дамыған елдер инновацияны дамытуды ертеректе бастап кеткен. Соның біріне бүгінде экономикасы қарыштап дамып, әлемдік экономикада көш бастап келетін АҚШ-ты атап өтуге болады.
Қазақстанның да басымды мақсаттарының ең негізгісі – инновациялық жағдайды дамыту арқылы әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның интеграциялануының нәтижелі жүйесін құру. Негізінен, индустриалы-инновациялық бағыт дағдарыстан кейінгі Қазақстанның дамуы моделінің негізі болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан индустриялық даму мен инновациялар саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инновациялық даму мен индустрияландырудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде ол білім мен ғылымға құйылған инвестиция 5 еседен астам, денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаға 3,5 есе, көлік саласына 3 есеге жуық өскенін атап өтті. Жаңа жылдық Жолдауында ол елімізде жаңа экономикалық бағытты жүзеге асыруда шешуші қадамдар жасалып, реформалар алғашқы нәтижелерін бере бастағанын ерекше атап өтті.
Тоқаев өзінің соңғы сөздерінің бірінде: «Инновациялар мен индустрияны дамыту жай ғана экономикалық қажеттілік емес, егемен болашағымыздың кепілі. Біз технологиялық серпіліс үшін жағдай жасау, өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту және цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгізуіміз керек. Қазақстан Орталық Азиядағы озық әзірлемелер мен IT-индустрия орталығына айналуы керек», – деген еді.
Республикада индустриалды-инновациялық стратегия негізінде, өңірлердің ішінде бәсекелестік қабілеті жоғары және экспортқа бейімделген секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр.
Жалпы айтқанда, ел экономикасын өрге сүйрейтін елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағытының бірі – индустриялдық-инновациялық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі ақиқат.
Мемлекет экономиканы әртараптандыру, өндірістік процестерді жаңғырту және жоғары технологиялық салаларға инвестиция тарту стратегияларын белсенді түрде жүзеге асырып жатыр. 2025 жылы жалпы құны 1,5 триллион теңгені құрайтын 190 индустриялық жобаны іске қосу жоспарлануда, бұл 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Шикізат секторына тәуелділікті азайтуға көмектесетін өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр.
Ғылым мен технологияға инвестициялар мемлекеттік саясаттың негізгі бағытына айналды. 2023 жылы Қазақстан ғалымдардың жалақысын және ғылыми жобаларды қаржыландыруды арттыра отырып, үш жыл ішінде ғылымды дамытуға 625 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Цифрландыру және экономикаға заманауи технологияларды енгізу мәселелерімен айналысатын Жасанды интеллект және инновациялық даму комитетінің құрылуы маңызды қадам болды.
Президент Тоқаев өзінің соңғы сөздерінің бірінде: «Инновациялар мен индустрияны дамыту жай ғана экономикалық қажеттілік емес, егемен болашағымыздың кепілі. Біз технологиялық серпіліс үшін жағдай жасау, өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту және цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгізуіміз керек. Қазақстан Орталық Азиядағы озық әзірлемелер мен IT-индустрия орталығына айналуы керек», – деуі бекер емес.
Сондай-ақ Президент өнеркәсіп пен инновацияда шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік органдарды стартап экожүйесін дамытуға және венчурлық қаржыландыруға белсенді жәрдемдесуге шақырды.
Еске сала кетейік, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының аясында берілген тапсырмаларға сәйкес әзірленген Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралып, бүгіндері іске асуда.
Тұжырымдама «қарапайым заттар экономикасын» дамыту, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, өңдеу өнеркәсібіндегі экспортшыларды қолдау, шетелдік инвестицияларды қоса алғанда, жеке инвестицияларды тарту арқылы ірі, үздік жобаларды іске асыру тәрізді бағыттарды қамтиды. Алайда осы 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарымен сабақтастық қамтамасыз етіліп, негізгі бастамалар мен қағидалар ескерілген.
Дайындаған – Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК