Фристайл: Әлем кубогының финалдық кезеңі «Шымбұлақта» өтеді

  Фристайл:   Әлем кубогының финалдық кезеңі «Шымбұлақта» өтеді

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының коммерциялық директоры Владислав Семенов: «Келер жылдың 17-19 наурыз күндері могул және шаңғы акробатикасы бойынша әлем кубогінің финалдық кезеңі «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтеді. Мықтылардың бәрі осында бас қосады. Медальдар ойнатылып, алтын глобус табысталады. Біздің команданың фристайлдан өте мықты екенін білесіздер, спортшыларымыз жүлделі орындарға ие болады деп үміттенеміз», – десе, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов: «Могул жарысы жаңа трассада өтеді. Осы жазда біз көп жұмыс атқардық. 3 шақырымнан астам жолға жасанды қар жүйесін қосып, жолды ұзарттық. Желтоқсан айында біз «Сухой Лог» трассасын іске қосуды жоспарлап отырмыз, онда осы маусымда параллельді және жеке могул бойынша Әлем кубогының финалдық кезеңі өтеді, бұл бізге ұлттық құрама үшін Артеменко трассасын ашуға мүмкіндік береді. Қазір біз әртүрлі елдердің құрамаларымен алтыдан астам кездесу өткіздік, олар 11 желтоқсаннан бастап бізде оқу-жаттығу жиындарын өткізе бастайды. Трассаны жарысқа дайындау қаңтар айында басталады. Қазіргі уақытта 2023 жылдың желтоқсанында шаңғы акробатикасынан әлем кубогының бірінші кезеңін өткізуге қатысты FIS-пен келіссөздер жүргізіліп жатыр», – дейді.

Ермек Сахариев
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 351
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 340
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18255
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572