Европадағы шешендер В.Путинге қарсы ұрысқа дайын

Европадағы шешендер В.Путинге қарсы ұрысқа дайын

Әйгілі шешен лидері Еуропадағы шешендерді Путинге қарсы ұрысқа салуға дайын екенін айтты! 

Бұл әйгілі шешен лидерлерінің бірі Ахмет Закаев (Ичкерия Шешен Республикасы лидерлерінің бірі). Екі бірдей шешен соғысына қатысқан жауынгер.  2002 жылдан бері Ұлыбританияда тұрып жатыр. Британ билігі оны Ресейге беруден бас тартып, оған саяси пана берген. 

Ахмед Закаев Қазақстанда, Талдықорғанда туған.1944 жылы оның әулеті Қазақстанға жер аударылып келген екен. Кейін туған ауылдары Урус Мартанға көшкен. 

Біраз жыл Мәскеуде тұрып, 1994 жылы аты мәшһүр Дудаевтың шақыртуымен ИШР-ге келеді. Мәдениет министрі болады. Сөйтіп жүріп бірінші Шешен соғысына қатысады.

Зелимхан Яндарбиевтің кезінде, ИШР президентінің көмекшісі болған. 

Аслан Масхадовтың кезінде арнайы әскерді бастап екінші соғысқа қатысқан.

Сол Зеленскийге үндеу жасап, келісім ұсыныпты. Еуропадағы шешендерді бастап барып, Путинге қарсы ұрыс салуға дайын екенін айтыпты. 

Закаевтың ақпаратынша Еуропада 300 мыңға жуық шешен бар көрінеді.

Usbanov телеграм арнасы
27.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594