Этномедиаторлардың республикалық форумы өтті

Этномедиаторлардың республикалық форумы өтті

Ақтау қаласында еліміздің әр облысынан келген этномедиаторлардың басын қосқан ауқымды республикалық форум өтті. «ҚХА 30 жыл: бірлік пен келісім» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиаторларының республикалық форумына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы қатысты.

Ауқымды іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат, Ішкі істер, Әділет министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп,  Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация саласындағы жұмысына жан-жақты қолдау көрсетсін, «Елдесу және татуласу» жобасының ауқымын кеңейтсін» деген тапсырмасы аясында өтті.

Форум барысында этномедиация саласындағы бірқатар маңызды тақырыптар талқыланды. Атап айтқанда, өңірлердегі этномедиация институтының даму тәжірибесі, этносаралық қатынастарды реттеудегі тиімді әдістер мен практикалық кейстер, этномедиаторлардың кәсіби даярлығы мен оқыту бағдарламаларының рөлі сөз болды. 

Сонымен қатар, қатысушылар этносаралық жанжалдардың алдын алу алгоритмдері, қоғаммен конструктивті өзара іс-қимыл жасау жолдары, халықаралық тәжірибелер және елімізде медиацияны дамытуға арналған негізгі тәсілдер бойынша пікір алмасты.

Жиында ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі  Марат Алмасұлы және Маңғыстау облысының әкімі, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрдәулет Игілікұлы сөз алып, бейбітшілік пен келісімді сақтау жолында этномедиация институтын дамытудың маңызды екенін атап өтті. 

Осы тұста облыстық ҚХА этномедиация кеңесінің төрағасы Жаңбырбай Матаев этномедиация институтын дамытудың өңірлік тәжірибесі туралы атап өтіп, облыста осы бағытта атқарылып жатқан жобаларға тоқталып өтті.  

– Этномедиацияның басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік қақтығыстардың этносаралық қақтығыстарға айналып кетуіне жол бермеу, этносаралық шиеленіске жеткізбей, алдын алу, татуластыққа қол жеткізу. Жалпы, этномедиация қайшылықтар туындаған жағдайда алдын алумен, шешумен және татуластыру жұмысымен айналысады. Бұл әдіс көп мемлекеттерде кездеспейді. Біздің елімізде арнайы бағдарлама қабылданып, әр аймақта семинар, тренингтер өткізіліп, этномедиаторлар оқытылып жүр. Қоғам белсенділері арасынан медиаторларды оқыту арқылы медиация институтын тұрақты негізде дамытып келеміз, – деді Жаңбырбай Матаев. 

Сондай-ақ өзге де қатысушылар этномедиация туралы маңызды ақпараттармен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Форумның соңында бірқатар азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы марапаттарына ие болды. Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін қатысушыларға «Алғыс» медалі мен мерекелік Алғыс хаттар табысталды.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ,

Маңғыстау облысы

 

14.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16486
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16339
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31512
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30133
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33722