Ерекше күтімді қажет ететін жандарға арналған орталық салынып жатыр

Ерекше күтімді қажет ететін жандарға арналған орталық салынып жатыр

Абай облысының Абай ауданында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арналған Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бұл маңызды нысан – «Ауылын көріп, азаматын таны» жобасының нақты нәтижесі. Жоба аясында ауыл тұрғыны Сейфолла Рахымбаев өз иелігіндегі екі қабатты кең ғимаратты мемлекет меншігіне сыйға тартты. Құрылыстың өзге бөліктері ҚР Ұлттық қоры есебінен қаржыландырылуда.

Жаңа мекеме заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталады.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталған. Құрылыс алаңында 6 жұмысшы мен 1 арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта брусчатка төсеу, кәріз жүйесін тарту, ғимараттың сыртқы қаптамасын орнату және аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Орталықтың ашылуы ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында, тамыз айына жоспарланған.

Сәруар ҚАБДОЛЛА
12.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594