Ербол Қарашөкеев «Жамбылгипс» АҚ өкілдерімен кездесті

Ербол Қарашөкеев «Жамбылгипс» АҚ өкілдерімен кездесті
 

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Жамбылгипс» АҚ өкілдерімен кездесіп, өндірісті кеңейту бойынша алдағы жоспарларды талқылады.

Басқосуға «Saint Gobain» компаниясының бас директоры Владимир Рахманов, «Жамбылгипс» АҚ президенті Андрей Пронченко қатысты.

«Жамбылгипс» АҚ Жамбыл облысындағы гипсті құрғақ құрылыс қоспалары мен гипсті құрылыс плиталарын шығаратын ірі өндіріс ошағының бірі.

Компания өнім ассортиментін кеңейтіп, оның көлемін ұлғайтуға күш салып келеді. Бұл қосымша 40-тан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 5 цех жұмыс істеуде.

Қосымша инвестиция есебінен өндірістік цехты қайта жаңғырту және жаңа қойма салу жоспарлануда.

Талқылау барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қолға алынатын жобаларға ерекше назар аударылды.

Кездесу нәтижесінде тараптар көтерілген мәселелер бойынша ортақ келісімге келді. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 
Жамбыл облысы әкімдігі
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 63
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 70
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 374
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 215

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18273
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18131
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33322
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31875
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35614