Ербол Қарашөкеев 100 жастағы қарт әжейді құттықтады

Ербол Қарашөкеев 100 жастағы қарт әжейді құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінде тыл ардагері Ғалиябану Музаферованың шаңырағына барып, қарт анаға құрмет көрсетті.

Жылы жүздесуде аймақ басшысы ғасыр жасаған әжейдің жағдайын сұрап, мерекеге орай гүл шоқтарын сыйлады.

Облыс әкімі алдыңғы буын ардагерлердің ел дамуындағы елеулі еңбектерін атап өтіп, алтын құрсақты аналардың қандай құрметке болсын лайық екендігін, оларды қадірлеу – бүгінгі ұрпақтың мерейлі міндеті екенін баса айтты.

Өз кезегінде қарт ана облыс басшысына шынайы ризашылығын жеткізіп, жұртшылықты қоғамдағы тыныштық пен елдегі бейбітшіліктің бағасын білуге шақырды.

Ғалиябану әжей 1924 жылы Ақмола облысы, Атбасар ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Жамбыл облысына қоныс аударған ақ жаулықты ана немерелерінің тілеуін тілеп отыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірімізде жүз жасаған және ғасыр жасқа толатын 40-қа жуық қарт әжелеріміз бар.

Жамбыл облысы әкімдігі
08.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 77
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 85
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 384
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 590

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18285
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18143
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33335
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31886
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35627