Емханадағы Тіл мерекесіне арналған ойын-сайыс

Емханадағы  Тіл мерекесіне  арналған ойын-сайыс

ҚР тіл туралы заңында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы», – делінген. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы  талаптарды  жүйелі  түрде  жүзеге  асыру. Елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілді дамыта түсуге ешқандай кедергі жоқ. Кез келген тілді  меңгеру  мәселесіндегі басты шарт – адамның  өзінің  ішкі ой-ниеті  мен  қажеттілігі. Алматы  қаласы, Әуезов ауданына қарасты №10 қалалық  емханада  өзге  ұлт қызметкерлері  арасында  қазақ тілін сөйлей  білуге, мақал-мәтелдер айта білуге, өлеңдер оқи  білуге  байланысты  іс-шара  өтті. Іс-шараға  халықаралық, қоғамдық-саяси   «Qazadstan  dauiri» газетінің Бас редакторы Ертай  Айғалиұлы, емхана директоры  Сәбит  Бексейтұлы, комплаенс  офицер Ертай  Жүнісұлы, тіркеу бөлімнің  менеджері  Гүлмира  Бектұрғанқызы  қатысып, әділ қазылық етті.  Ойын-сайысқа медицина  қызметкерлері  Тоқтыева Аида, Корикова  Ольга, Уразалина  Вера, Илажиева Заида, Баекешева Эльмира  қатысты.  Мереке Қазақстан ән ұранымен  іс-шара басталып, тіл туралы қазақ зиялыларының  айтқан  ойлары  жазылған  слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер  көсетілді. I кезеңде «Сөз тапқанға...» деп  аталып,  қазақ тілінің  төл сөздерінен  басталатын  немесе төл  әріптері  бар (ә, ө, қ, і, ұ, ү, ғ, ң)  сөздер айтылды. 

II «Сұрақ-жауап» кезеңінде сұрақтарға  жауаптар берілді.  III кезеңде «Суретті атап өтіңіз» тақырыбында тапсырмалар берілді. Іс-шараға  қатысқан  медицина  қызметкерлері  кезекпен тақтада көрсетілген  суретті сипаттады. IV кезеңде, «Мақал – сөздің мәйегі» демекші, туған тілімізге қатысты тіл өнеріне  байланысты  мақал-мәтелдер айтылды. Іс-шара соңында қатысушы медицина қызметкерлеріне  Ертай  Айғалиұлы  редакция атынан  мақтау  қағазы мен жұмсақ ойыншықтар сыйға берді. Емхананың  кәсіподақ ұйымының  төрайымы  А.Б.Акимбаева  жазу блокнотын  сыйға берді. Емханада тіл мерекесіне  байланысты іс-шара жоғары  деңгейде  өтіп, медицина  қызметкерлеріне  көтеріңкі  көңіл күй  сыйлады.                                                                                                                                 

 Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ,

 Алматы  қаласы

 

09.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18498
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18361
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33544
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32094
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35866