Думанды кеш

 Думанды кеш

Облыстық көркемсурет галерясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы және  Д. Қонаев атындағы Балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір Халықаралық  балалар кітабы күніне орай «Әлемді кітап арқылы танимын» атты сиқырлы феерия думанды кеші  өтті.

Феерияда  ертегі әлеміне саяхат жасалып,  кейіпкерлерімен бірге ойын-ойнатылды, әуезді әндер шырқалып, түрлі жанрда заманауи билер биленді. Нәтижесінде кішкентай балақайлар түрлі сыйлықтарға ие болып, ғажайып ертегілер арқылы кітапқа деген қызығушылықтары арта түсіп, естен кетпес әсер алды.
Думанды жиында  өнер көрсеткен «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының» талантты өнерпаздарына, Диал би студиясы, «Шабыт» би орталығының және №8 гимназияның бишілеріне, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығына, BIZ BIRGEMIZ» волонтерлық қозғалысына алғыс білдіріп, толағай табыстар тілейміз. Сондай-ақ, аталған іс –шараның өтілуіне ықпал жасап, қолдау көрсеткен Облыстық көркемсурет галериясының әкімшілігіне алғыс пен  ризашылығымызды білдіреміз.

 

Сарысу ауданы әкімдігі
04.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 75
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 83
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 383
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 231

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18284
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18142
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33333
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31885
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35626