Диқандар еңбегі биыл да нәтижелі болмақ

Диқандар еңбегі биыл да нәтижелі болмақ

Ақмола облысы еліміздің ауылшаруашылығы саласында үздік үштікке кіреді. Өткен жылы өңір рекордтық көлемде өнім жинап, аграршыларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілді – жеңілдетілген несие, арзандатылған жанар-жағармай, ауылшаруашылығы техникасын лизингке алу, сондай-ақ сүт-тауарлы фермалар салу қолға алынған-ды. 

2024 жылы өңір диқандары соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 6,6 млн тонна астық жиналды. Қазіргі таңда бұл қарқын бәсеңдеген жоқ, өңірдің жетістіктерін нығайту және рекордтық көрсеткіштерді сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы нәтижелі істің  есесіне, ауа райы қолайлы болса, шамамен 6,6-6,8 млн тонна астық жиналады деп күтілуде.

Ақмола облысы  еліміздегі бидайдың төрттен бір бөлігін – шамамен 5,2 млн тоннасын өндіреді. Сонымен қатар, республикада өндірілетін құс етінің 30 пайызы, (жылына 125 мың тн),  жұмыртқаның 16 пайызы ( 690 млн дана) Ақмола облысының үлесінде. Жыл басынан бері ауылшаруашылығы өнімінің көлемі алғашқы жарты жылда 149 млрд теңгеден 161 млрд теңгеге  артқан.

Егін шаруашылығын дамытуға  облыс айрықша көңіл бөліп отыр. Атап айтсақ, «Дала жұмыстарын қаржыландыру өткен жылдың желтоқсан айынан басталып, 900 шаруашылыққа 117 млрд теңгеден астам жеңілдетілген несие беріліпті. Бұл ел бойынша бөлінген қаржының үштен бір бөлігіне шақ екен.  Жалпы, 2025 жылы агроөнеркәсіптік кешенге көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі 230 млрд теңгеден асыпты. Бұл субсидиялар жеңілдетілген несиелер мен техника лизингіне арналыпты. 

Ақмола облысы – елорда маңындағы өңір әрі Астананың негізгі азық-түлік белдеуі. Бұл ретте өңір тек өндіріспен ғана емес, өңдеумен де айналысуда. «Aqmola» индустриялық аймағында қытайлық «Dalian» компаниясымен бірлесіп, астықты терең өңдейтін ірі зауыттың құрылысы басталды. Жобаны жүзеге асыру үш кезеңге жоспарланған. Зауыт толық қуатына шыққан кезде жылына 3 млн тоннаға дейін астық өңдейді. Ал алғашқы кезеңде 1 млн тонна өнім шығарылып, мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Ақмолалықтардың бүгінгі мақсаты – өңірдің көшбасшылық   орнын   сақтап   қоймай, алда жүрген   Алматы   мен   Түркістан  облыстарын оза шабу.

Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды)
26.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 348
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 493
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 337
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 197

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568